Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО әкімдігі: «Семей салынатын жаңа қоқыс полигонының құны БҚО-дағы полигоннан 11 есе қымбат деген а



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 08:30 - 2021/04/01

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/T-rmys/61325-shqo-akimdigi-semey-salynatyn-zhanga-qo


ШҚО әкімдігі: «Семей салынатын жаңа қоқыс полигонының құны БҚО-дағы полигоннан 11 есе қымбат деген ақпарат шындыққа жанаспайды!» | DalaNews
| DalaNews

ШҚО әкімдігі: «Семей салынатын жаңа қоқыс полигонының құны БҚО-дағы полигоннан 11 есе қымбат деген ақпарат шындыққа жанаспайды!»

Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ШҚО әкімдігі мен Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) бірлескен жаңа жобасын іске асыру қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) кәдеге жарату проблемасын түбегейлі шешуге және барлық кезеңдерде қалдықтармен жұмыс істеудің жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, нәтижесінде СО2 шығарындыларын қоршаған ортаға 40%-дан астамға төмендетеді. Бұл жоба экологиялық тұрақты қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ЕҚДБ-ның «Жасыл қалалар» бағдарламасы шеңберіндегі Қазақстандағы алғашқы жоба болады.

Бүгінгі күні Семей қаласында ауданы 69,11 гектар аумаққа ҚТҚ көму полигоны жұмыс істейді. Оны қандай да бір ретке келтірілген қайта өңдеу жүйесінсіз қызмет ететін қоқыс үйіндісі деп атауға болады.

Бұл әрі заңнамаға қайшы келеді. Ондағы жиналған қалдық 23 жыл бойы топырақ пен ауаны ластау көзі болып табылады. Ал, бүгінгі таңда қаладағы айына бір адамға орташа өлшемен алғандағы тариф 200 теңгеден асады.

– Экология департаментінің мәліметінше, полигонның жанында орналасқан бақылау ұңғымалары жер асты суларының сапасы тиісті санитарлық нормалардан едәуір төмен екенін көрсетеді. 2023 жылға қарай аталған полигон талап етілетін санитарлық стандарттарға сәйкес жабылуы тиіс. Осыған байланысты, барлық қажетті стандарттарға сай келетін жаңа санитарлық полигон ашу мәселесі өте өзекті болып табылады және ол іске асырылатын болады, – дейді Облыстың энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.

Жұмыс істеп тұрған полигонның директоры Хазиповтың айтуынша, қазіргі полигонды қала әуежайына жақын орналасқандықтан да жабу қажет, бұл қосымша қауіп төндіреді.

– Прокуратураның талаптары мен ұйғарымына сәйкес әуежайға дейін 15 шақырым радиуста ҚТҚ полигоны болмауы тиіс. Осы ережеге сәйкес 15 шақырым қашықтан жаңа полигон орналасатын жер учаскесі бөлінді. Бірақ оның құрылысы 2023 жылға дейін қарастырылған. Яғни, осы уақытқа дейін біз осы жерде жұмыс істейтін боламыз, – деп атап өтті ЖК директоры Рафаиль Хазипов.

ҚТҚ-ны басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі ЕҚДБ мен әкімдіктің жобасы халықаралық нормаларға сәйкес қуаты жылына 100,0 мың тонна қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеудің интеграцияланған кешені бар жаңа санитариялық-техникалық полигон салуды көздейді.

Сондай-ақ ҚТҚ жинау пункттерінің желісін жаңғырту және кеңейту, қолданыстағы полигонды барлық санитарлық нормаларға сәйкес жабу және рекультивациялау көзделген. Осы мақсатта 100 гектар жер телімі бөлінді.

– Қазіргі уақытта Семей қаласының полигоны жылына 65 мың тоннаға жуық ҚТҚ қабылдайды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің өте төмен деңгейіне байланысты қоршаған ортаға шамамен 32 мың тонна CO2 эквиваленті шығарылады. Көмірқышқыл газынан басқа, полигонда үнемі туындайтын жергілікті өрттердің нәтижесінде басқа да зиянды компоненттер бөлінеді, – деп атап өтті ЕҚДБ Еуразия аймағы бойынша инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Бахтиер Файзиев.

Есептеулер көрсеткендей, нысанды салуға жоспарланып отырған инвестициялар жоба толық іске асырылғаннан кейін эмиссияны 40%-ға, яғни СО2 эмиссиясын 20 мың тоннаға дейінгі эквивалентке қысқартуға, сондай-ақ, бірінші кезеңде бұл ҚТҚ жалпы көлемінің шамамен 20%-ын қайталама шикізат ретінде пайдалануға болатын пайдалы фракцияларға өңдеуге мүмкіндік береді.

Ол полигонның өзін, ондағы инфрақұрылымды, ғимараттарды, құрылыстарды салу, сондай-ақ ол үшін қажетті техниканы сатып алу бойынша қажетті жұмыстардың кешенін қамтиды. Қызметтердің барлық сатып алулары мен жұмыстары мемлекеттік сектор үшін белгіленген Еуропалық банктің саясаты мен ережелеріне сәйкес ашық конкурстық сауда-саттыққа жүзеге асырылатын болады.

Сондықтан аталған бағалар есептік болып табылады және оны осы салада тәжірибесі бар жеткізушілер мен мердігерлер тікелей анықтайтын болады. Тарифтердің техникалық-экономикалық зерттелімін халықаралық тәуелсіз консультанттар жасағанын атап өту қажет. Ол халық үшін осы қызметтердің қолжетімділігі тұрғысынан жүргізілді, соған сәйкес талдау жүргізіліп, халық үшін тариф құны бағаланды.

Техникалық-экономикалық зерттеуге сәйкес, құрылыс құны 5,2 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде ЕҚДБ несиесі 3,8 млрд теңге. ТЭЗ аясында ЖСҚ әзірленетін болады, одан кейін іске асырудың түпкілікті сомасы белгілі болады. ЕҚДБ өкілдері атап өткендей, конкурс пен сатып алу рәсімі ашық және жариялы түрде өтеді.

– Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тариф 21 мың теңгені құрайды деген ақпарат тарады, бұл шындыққа жанаспайды. Тұрғындар үшін орташа өлшенген тариф алдын ала есептеулер бойынша 2023 жылы бір адамға айына 320 теңгені және 2025 жылы бір адамға айына 450 теңгені құрайды, бұл жеке сектормен абаттандырылған және абаттандырылмаған үйлер арасындағы орта есеп, – дейді Облыстың энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.

Айта кету керек, бұдан бұрын «Келешек» көпсалалы пайдалану кәсіпорнынің директорының м.а. Мақсұт Нығметовтың өзі қол қойып, Банк тарапынан 3,8 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыру мүмкіндігін қарау үшін ЕҚДБ-ға өзінің өтінішін растап хат жолдаған. Сондай-ақ, Мақсұт Нығметов қол қойған ЕҚҚДБ-ға жолдаған ақпараттық хатта қалдықтардың басым бөлігі тиісті жабыны, жинау және өңдеу жүйесі жоқ, жер асты сулары мен топырақтың қауіпті заттармен ластануына әкеп соқтыратын халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін полигонға шығарылатыны айтылған.

Сонымен қатар, ол Семейдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту жобасы бойынша сатып алуларды орналастыру туралы келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, ШҚО облыстың энергетика және ТҮКШ басқармасының ақпараты бойынша Мақсұт Нығметов хатта келтірген мысалды Семей қаласындағы ҚТҚ жүйесін жаңғырту жөніндегі жобамен салыстыруға келмейді.

Өйткені, 200 млн теңге сомасына алаңы 4,88 гектарды құрайтын полигон Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Жалпақтал ауылында салынады, онда 5000-ға жуық адам тұрады.

Ал ауданы 8,4 гектар болатын дәл осындай жобаны бүгінгі күні 8 мың адам тұратын ШҚО Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде 166,6 млн теңге сомаға іске асыру жоспарлануда. Айта кету керек, полигондардың бұл түрі тек қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау үшін жарамды.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жаңа ҚТҚ полигонын салу енді жоспарлануда. Бұл жоба Семей қаласындағы ЕҚДБ жобасына ұқсас.

Осылайша, Батыс Қазақстан облысындағы жаңа полигон құрылысының құны Семей қаласындағы полигон құрылысының құнынан 11 есе қымбат деп хатта көрсетілген ақпарат шындыққа жанаспайды!

Тағы оқыңыз:

Өскемен мен Семейге қоқысты сұрыптап жинау үшін 2856 контейнер мен 12 қоқыс тасу көлігі жеткізілді

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1381186
Пікірлер

Көрші сілтемелер