Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Рухтың күші әкеде | DalaNews



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 15:30 - 2021/02/20

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/news/60209-rukhtyng-kushi-akede


Рухтың күші әкеде | DalaNews
| DalaNews

Рухтың күші әкеде

Бүгін Ә. Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылған «Рухтың күші әкеде» атты форум өтті.
Форумды аудан әкімі Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы ашып, ауданымыздағы көпбалалы әкелерді құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Форумға Қазақстан Халқы Ассамблеясының хатшылығы – этносаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің басшысы Сұрабалдинова Сәуле Алханқызы, Алматы облыстық Аналар Кеңесінің төрайымы Баймадиева Жамал Қасымбекқызы қатысты.

“Барлық әкелер өзінің қара шаңырағында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөзді мәңгі ұран етіп, бала санасына сіңіріп тәрбиелеуіміз қажет деп есептеймін. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз. Тәуелсіз елдің алар асуы көп, шығар шыңы биік болсын. Қастерлі Тәуелсіздігіміз асқақтай берсін.

Сіздерді «Рухтың күші әкеде» атты форумымен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, еңбектеріңізге табыс пен парасаттылық тілеймін!”, – деді аудан әкімі Ғ. Сарыбаев.
Іс-шарада аудан әкімінің арнайы марапатымен ауданымыздың көпбалалы әкелері Байболаттегі Нұрахмет Қажы, Әліппиев Сағындық Дүйсенұлы, Садвақасов Сәрсенбай Суйдуұлы марапатталды.
10 бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ардақ әке Байболаттегі Нұрахмет қажы атамыз да ақжарма батасын берді.

Бүгінде Нұрахмет қажы атамыз 24 немере, 10 шөбере өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өмірде өз орындарын табуларына жол көрсеткен данагөй әке. Атамыздың жолын жалғастырып келе жатқан 13 баланың әкесі Садвакасов Сәрсенбай Сүйдуұлы және 9 баланың әкесі Әлпиев Сағындық Дүйсенұлы.

Жүздеген мамандық пен кәсіп түрі бар. Алайда оның орнын толтыруға болмайтын бір ғана мамандық, ол – әке болу. «Бір әкенің тәрбиесін жүз
мектеп бере алмайды» деген нақыл сөздер «әке» мамандығының
қадір-қасиетін бір ауыз сөзбен-ақ ұғындырып тұрғандай.
Кербұлақ аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ақбасова Ғалия Ниязовна:
“Әкенің ақылы керек екен,
Таптырмас ой-сана береді екен.
Алтыннан жазылған үш әріпке.
Өмірде еш нәрсе теңелмеген”, – деген өлең жолдарын арнады.

Тәуелдіздігіміздің мерейтойы аясында Әкелерімізді ардақтап, олардың ерлігі мен өнегесін жастарымызға және қоғам арнасына паш етуіміз керек.
Сол себепті жиынға қатысушылардың назарына арнайы әкелер туралы түсірілген бейне ролик ұсынылып, сахнада “Бала қалауы” атты қойылым көрсетілді.
Сондай-ақ жиынға қатысушыларға арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, аудандық мәдениет үйінің әншілері әкелер туралы ән айтты.
Әке – асқар тау. Әр шаңырақта әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке бұл– отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қамқоршы.

Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Форумның мақсаты әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы екенін ұғындыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу.

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1357895
Пікірлер

Көрші сілтемелер