Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұр-Сұлтанда дәстүрлі Жамбыл оқулары байқауы өтті | DalaNews



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 22:00 - 2021/02/19

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/aimak/60198-nur-sultanda-dasturli-zhambyl-oqulary


Нұр-Сұлтанда дәстүрлі Жамбыл оқулары байқауы өтті | DalaNews
| DalaNews

Нұр-Сұлтанда дәстүрлі Жамбыл оқулары байқауы өтті

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында №4 мектеп-гимназиясында дәстүрлі Жамбыл оқуларын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жамбыл оқуларының мақсаты – мектеп оқушылары арасында ақынның еңбектерін насихаттау және шығармаларын терең меңгеруге қызығушылығын ояту.

Қалалық Жамбыл оқуларына Нұр-Сұлтан қаласының 62 білім беру мекемесінің 120 оқушысынан сұраныс қабылданды.

Әр номинация бойынша ҚР мәдениет қайраткерлері, ақындар мен өнер майталмандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары қазылық қызмет атқарды.

| DalaNews

Байқауға қатысушылардың оқу мәнеріне, образға кіру ерекшелігіне және мағынасын толық жеткізе алуына айрықша мән берілді.

Айта кету керек, іс-шара санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1357557
Пікірлер

Көрші сілтемелер