Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Маңғыстаулық әжелер мектеп оқушыларына ұршық иіріп, ою бастыруды үйретуде | DalaNews



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 21:30 - 2021/02/17

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/aimak/60159-manggystaulyq-azheler-mektep-oqushylar


Маңғыстаулық әжелер мектеп оқушыларына ұршық иіріп, ою бастыруды үйретуде | DalaNews
| DalaNews

Маңғыстаулық әжелер мектеп оқушыларына ұршық иіріп, ою бастыруды үйретуде

Ақтау қаласында ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Әжеден ғибрат» клубы құрылды. Саналы тәрбие мен салт дәстүрді жас ұрпақ бойына сіңіру үшін олар танымдық сабақтар өткізіп, ұршық иіру мен балқаймақ қайнатуды көрсетеді.

Ақпанның 16 күні клуб мүшелері «Microsoft Teams» онлайн платформасында бас қосып, алғашқы кездесу өткізді. Ақтау қаласындағы «Назарбаев зияткерлік» мектебінің 7-сынып оқушысы Зере Құрманбайдың әжесі Рысты Дюмбаева ұршық иіру жолдарын көрсетті.

Клуб мүшелігінде 7, 8 және 11 сынып оқушыларының әжелері бар. Олар әзірге «Халқын сүйген, салтын сүйер», «Он саусағынан бал тамған», «Қазақ – қонақжай халық» атты үш тақырыпта сабақ өткізеді.

Енді әжелер алдағы уақытта ұлттық сусындар мен тағамдарды дайындау әдісін көрсетеді. Бұдан бөлек киіз үй жабдықтары мен тоқыма тоқу, ою бастыруды үйретеді

Ақтау қаласындағы «Назарбаев зияткерлік» мектебінің баспасөз қызметі

Тағы оқыңыз:

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Спутник V вакцинасын салдырды

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1355964
Пікірлер

Көрші сілтемелер