Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шыңжаң? Қытайға шара қолданамыз – Байден | DalaNews



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 19:00 - 2021/02/17

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/news/60149-shyngzhang-qytayga-shara-qoldanamyz-bay


Шыңжаң? Қытайға шара қолданамыз – Байден | DalaNews
| DalaNews

Шыңжаң? Қытайға шара қолданамыз – Байден

АҚШ президенті Джо Байденнің Шыңжаңдағы мұсылмандарды қудалау жөніндегі Қытай саясаты үшін Пекинге “шара қолданады”.  

Байден президент қызметіне кіріскелі бері алғашқы кездесуін Милуокидегі (Висконсин штаты) сайлаушылармен өткізді. Жүздесуде сыртқы саясат мәселелері де сөз болды.

“Қытайға шара қолданылады, ол бұны біледі”, – деді Байден, Қытай лидері Си Цзиньпинді сөз етіп.

Си Цзиньпин Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және ислам дінін ұстанатын басқа да ұлт өкілдерін “қайта тәрбиелеу лагерлеріне” мәжбүрлеп жібергені үшін әлемдік қауымдастықтың сынына ұшырады.

Пекин жабық мекемелерді “кәсіби дайындық орталықтары” деп атап, онда адамдарға радикал идеялардан арылуға көмектеседі деуден танбай отыр.

“Қытай әлем лидері болуға талпынып-ақ жатыр. Мұндай мәртебеге жету үшін ол басқа да елдердің сенімінен шығуы тиіс. Адамның басты құқықтарын бұзатын әрекеттерінен бас тартпаса, мұндай мақсатқа жету қиын болады”, – дейді Байден.

11 ақпанда Байден қытай басшысы Си Цзиньпинмен екі сағат телефонмен сөйлесіп, сол кезде Пекиннің адам құқықтарын сақтамай отырғанына алаңдайтынын айтты. Байден қытай билігінің Гонконгтегі демократияшыл белсенділерді басып-жаншығанын да сөз етті.

Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары таратқан мәліметке қарағанда, Си Цзиньпин АҚШ-қа Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтытастығы, соның ішінде Гонконг және Шыңжаң мәселелерін қозғағанда абай болуын ескерткен.

Тағы оқыңыз:

Атырауда ауыл кәсіпкерлеріне 3,7 млрд теңге субсидия төленді

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1355892
Пікірлер

Көрші сілтемелер