Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ жеткіліктілік шегі туралы ақпарат таратты | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 22:30 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/news/59591-zeynetaqy-zhinagyn-paydalanu-bzhzq-zhet


Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ жеткіліктілік шегі туралы ақпарат таратты | DalaNews
| DalaNews

Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ жеткіліктілік шегі туралы ақпарат таратты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға қажетті жеткіліктілік шегіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

Зейнетақы жарналарының бір бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмайтын зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жинақты қалыптастырған салымшылар ғана пайдалана алады.

“Бұл ретте азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды”, – дейді қор мамандары.

Ал “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңға сәйкес, “зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілікті шегі” салымшының зейнетақы жинақтарының нақты сомасын, сондай-ақ, оның болашақ зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтиды. Соның арқасында ең төмен зейнетақыдан кем болмайтын зейнетақы төлемдерін жасауға болады.

“Бұл ретте болашақ жарналардың ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен емес табыстан аударылатыны есепке алынды. Егер кірістер жоғары болса, онда ең төменгі жеткіліктілік шегі тезірек қалыптасады, ал зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі төлемдер ең төменгі зейнетақыдан көп болады”, – делінген қордың ресми хабарламасында.

Жеткіліктілік шегін есептеуге арналған әдістеме мен өлшемдер үкімет қаулысымен айқындалады және әрбір жас үшін жеке есептеледі. 2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерінің алдын ала мөлшерін мына сілтеме арқылы көруге болады.

әрбір салымшы өз жинақтарының жеткіліктілік шегіне сәйкестігін тексере алады. БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотынан үзінді көшірмені enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен, БЖЗҚ-ның жаңартылған ұялы қосымшасынан немесе egov.kz порталынан онлайн режімде шығаруға мүмкіндік бар. Үзінді көшірмеде жеткіліктілік шегі және нысаналы пайдалану үшін қолжетімді сома көрсетіледі.

Сайттағы жеке кабинетте және БЖЗҚ ұялы қосымшасында авторланудың екі тәсілі қолжетімді. Олар:

  • электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану;
  • ЖСН мен парольді енгізу.

БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық поштамен де тұрақты түрде үзінді көшірме алуға болады.

“БЖЗҚ-дағы жинақтар туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі жылдам қол жеткізу үшін Қор Telegram мессенджерінде өзінің жеке ботын іске қосты, оның көмегімен де үзінді көшірме алуға болады. Өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды “БЖЗҚ” АҚ өңірлік бөлімшелеріне жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып та тексере аласыз”, – дейді мамандар.

Ал БЖЗҚ бөлімшелері жоқ шалғай аудандардың тұрғындары “Қазпошта” АҚ-ның авторландырылған бөлімшелеріне жүгініп, хабарлаудың кез келген ыңғайлы тәсілін таңдай алады. Пошта бөлімшелерін мына жерден көруге болады.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1335744
Пікірлер

Көрші сілтемелер