Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ауылда ауызсудың құны арзандайды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 19:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/news/59579-auylda-auyzsudyng-quny-arzandaydy


Ауылда ауызсудың құны арзандайды | DalaNews
| DalaNews

Ауылда ауызсудың құны арзандайды

ҚР Парламенті Сенатында депутаттарының бастамасымен әзірленген екі заң жобасы қаралып, қабылданды.

Олардың бірінде ауыл тұрғындарына арналған су тарифін төмендету көзделіп отыр. Оған субсидия алу жөніндегі рәсімдерді оңтайландыру есебінен де қол жеткізілуге тиіс. Ал осы тарифтердің өзі енді нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып айқындалуы тиіс.

Мұндай жаңалықтар «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері   бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда қарастырылған. Құжат бүгін екі оқылымда қабылданды.

Енді ауыл тұрғындары ауыз суға аз ақша төлейді Сенаторлар еліміздің Су кодексіне сондай өзгерістер енгізді.

Қазір қалаларға қарағанда ауылдарда ауыз су тарифтері жоғары болып тұр. Мұның бір себебі – ауылдардың географиялық шалғайлығы мен халық санының аздығын және тағы басқаны ескергенде су құбыры инфрақұрылымы құрылысының қымбатқа түседі. Қазіргі кезде өңірлердегі судың құнын төмендету үшін бұл шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алуда.

– Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Депутаттар бастамашылық жасаған осы заң ауылдық жерлерді сумен жабдықтау мәселелерін шешу жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз. Ұсынылып отырған нормалар өңірлерді дамытуға және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні айқын, – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар жаңа тарифтерді бекітудің жаңа тетіктері мақұлданды,  енді жергілікті өкілді органдар – мәслихаттарға осындай өкілеттік беріледі. Сондай-ақ, жаңа тарифтерді қабылдай отырып, олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын да ескеруі керек. Ең бастысы, ауыл тұрғындарына арналған тариф республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен болмауы тиіс, бірақ орташа облыстық деңгейден жоғары болмауы керек.

Республика бойынша берілетін ауыз судың бір текше метрі үшін ең төменгі төлем мөлшері 15 теңгені құрайтынын еске саламыз.

Сонымен қатар, депутаттар жылжымайтын мүлікке құқықтарды уақтылы тіркемегені үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастауды ұсынды. Енді бұдан былай мұндай кешігу орыналғанда адамдар жазаға тартылмайды және айыппұл салынбайтын болды.

Сонымен қатар, жер учаскесіне құжаттарды ресімдеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі. Осылайша, адамдарға осы мемлекеттік қызметтерді алу оңайырақ болады. Бұл жаңашылдықтар депутаттар қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жазылған.

Тағы оқыңыз:

 

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1335656
Пікірлер

Көрші сілтемелер