Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Кеген ауданында Мәдениет үйі қайта жаңғыртылды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 13:15 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/aimak/59548-kegen-audanynda-madeniet-uyi-qayta-zha


Кеген ауданында Мәдениет үйі қайта жаңғыртылды | DalaNews
| DalaNews

Кеген ауданында Мәдениет үйі қайта жаңғыртылды

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының арқасында Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылының тұрғындары үшін күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта жаңғыртылған «Ақбастау» мәдениет үйі есігін айқара ашты. Бұл ауылдықтарға жаңа жылдық көңіл күй сыйлаған жағымды жаңалық болды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылы Кеген ауданында екі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Соның бірі – осы «Ақбастау» мәдениет үйі. Нысанның салтанатты ашылуына арнайы қатысқан аудан әкімі Талғат Байеділов ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, өнер шаңырағына заманауи дыбыс күшейткіш аппаратын сыйға тартты. Сондай-ақ алдағы уақытта керекті құрал-жабдықтарды алуға  қосымша қаражат бөлінетінін айтты.

Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Марат Тақабаев мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізген мердігер мекеме «Энерго Строй Проект» ЖШС-нің директоры Сейітжан Жұмахановқа тұрғындардың алғысын жеткізді.

| DalaNewsАтап өтсек, «Ақбастау» мәдениет үйі «Жұмыспен қамту жол картасы» негізінде күрделі жөндеуден өткізілді. Қайта жаңғыртуға 307,7 млн теңге бөлінген, құрылысты жүргізген – «Энерго Строй Проект» ЖШС. Ғимаратта би залы, бокс залы, спорт зал, сахнасы безендірілген үлкен мәжіліс залы, кітапхана бар.

Жалпы Алматы облысында 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 14 мәдениет үйіне жайта жаңғырту жасалған, соның 2-еуі – Кеген ауданында (Ұзынбұлақ, Тасашы ауылдары).

Тағы оқыңыз:

Кеген ауданында 15 отбасы үйлі болды

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1335383
Пікірлер

Көрші сілтемелер