Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бородулиха ауданында мұз айдыны ашылды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 12:15 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/aimak/59527-borodulikha-audanynda-muz-aydyny-ashyl


Бородулиха ауданында мұз айдыны ашылды | DalaNews
| DalaNews

Бородулиха ауданында мұз айдыны ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту және халықтың денсаулығын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударған болатын.

Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданына қарасты  Зенковка ауылында желтоқсан айының соңында маңызды оқиға орын алды. Ауылда «Зенковка» жастар хоккей клубының тәрбиеленушілеріне ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы сатып алған 27 жұп коньки, қақпашы нысаны және басқа да ойын жабдықтары сыйға тартылды. Команданы аудан әкімінің орынбасары Е.Селиханов, округ әкімі Д. Асаубаев, БЖСМ, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары құттықтады.

Сонымен қатар, осы күндері спорттық жетістіктерімен әйгілі Петропавловка ауылында әкімдіктің бастамасымен ауданы 800 шаршы метр мұз айдыны ашылды, ал Өскемен қаласының «Торпедо» хоккей клубы ауыл жастарына 10 хоккей таяқшасы мен 10 коньки сыйлады.

| DalaNewsАлдағы уақытта хоккей командасын ұйымдастыру және аудандық жарыстарға қатысу жоспарлануда. Балалармен қатар, ересектер бос уақыттарын конькимен сырғанау, хоккей ойнау арқылы тиімді өткізеді. Жас спортшыларға жарыстарда жеңіс тілейміз!

Тағы оқыңыз:

 

Даниал Ахметов Роза Рымбаеваға «ШҚО Құрметті азаматы» төсбелгісін табыс етті

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1335329
Пікірлер

Көрші сілтемелер