Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда Көкжайлауды Ұлттық парк құрамына қайтару процедурасы басталды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 15:15 - 2021/01/13

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/news/59521-almatyda-kokzhaylaudy-ulttyq-park-qur


Алматыда Көкжайлауды Ұлттық парк құрамына қайтару процедурасы басталды | DalaNews
| DalaNews

Алматыда Көкжайлауды Ұлттық парк құрамына қайтару процедурасы басталды

Алматыда Көк-Жайлау шатқалын Іле-Алатау ұлттық паркіне қайтару процедурасы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

2020 жылдың қыркүйегінде Іле-Алатау ұлттық паркіне жер телімін қайтару процедурасын жеңілдету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға түзетулер енгізілді.

Бір-екі айдан кейін, 20 желтоқсанда Алматы әкімдігі қаулы шығарды. Онда Туризм департаменті Көкжайлау шатқалы аумағын ақысыз пайдалану құқығын тоқтатқаны айтылған. Бұл туралы қалалық Жер қатынастары басқармасы хабарлады.

Іле-Алатау ұлттық паркіне жерді қайтару бойынша одан арғы процедура үкіметтің шешімімен жүзеге асырылады.

2014 жылы Үкіметтің қаулысы шығып, Іле-Алатау ұлттық паркінің жерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатынан Алматы қаласы Медеу ауданының резервтік жерлері санатына ауыстырылды. Бұл Көк-Жайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу үшін жасалды.

Қоғам қайраткерлері бұл шараға қарсы шықты. 2019 жылы Президент олардың пікірін ескере отырып, шатқалда курорт салуға тыйым салды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1334723
Пікірлер

Көрші сілтемелер