Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Еуроодақ Қазақстандағы сайлауға әділ баға берді | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 14:45 - 2021/01/13

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/del-qazir/59518-euroodaq-qazaqstandagy-saylauga-adi


Еуроодақ Қазақстандағы сайлауға әділ баға берді | DalaNews
| DalaNews

Еуроодақ Қазақстандағы сайлауға әділ баға берді

Еуропа одағының ресми өкілі Қазақстандағы сайлауды “жүйелі кемшіліктер түзетілмеген” “орындалмаған мүмкіндіктер” науқаны деп бағалады және жеті жылдан бері бірде-бір партияны тіркемеген биліктің “азаматтарды таңдау мүмкіндігінен айырғанын” айтты.

Еуропа одағы Қазақстанда коронавирус пандемиясы жағдайында 10 қаңтарда өткен парламент сайлауының тиімді ұйымдастырылғанын, Қазақстан басшылығының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясымен тығыз ынтымақтаса жұмыс істегенін айтты. Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі басты өкілі Питер Станоның мәлімдеуінше, “Қазақстан соңғы парламент сайлауынан кейін аздаған саяси реформа жүргізіп, модернизация процесін өткізгенімен, бұл сайлау – оларды тиімді жүзеге асырудың орындалмаған мүмкіндігі болды”.

“ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның бірнеше мәселеге қатысты бұрыннан келе жатқан ұсыныстары да ескерусіз қалды” делінген Еуроодақ өкілінің мәлімдемесінде.

ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар бюросы мен ЕҚЫҰ парламент ассамблеясының алдын ала тұжырымына сәйкес, Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай сайлау өткізуге құқықтық база дайын емес. “Сайлау күні жалпы тыныш өткенімен, сол күні адамдардың негізгі құқықтарын шектеумен, соның ішінде бейбіт демонстранттарды ұстаумен, есте қалды. Қолға алынған шаралар кей жергілікті бақылаушылардың тиімді бақылау жүргізуіне кедергі жасады. Ұйымдарға бірігу, жиын өткізу және пікір білдіру еркіндіктеріндегі жүйелі кемшіліктер саяси ландшафтты шектеп, сайлауға кері әсерін тигізді” делінген Еуроодақ өкілі мәлімдемесінде.

Еуропа одағы өкілі сайлауда шынайы бәсекенің болмағанын да атап өтті. “Оның үстіне, 2013 жылдан бері бірде-бір партия тіркелмей, бәсекенің аз болуы сайлаушыларды таңдау мүмкіндігінен айырды” деді Питер Стано.

Еуроодақ өкілі Қазақстанды мойнына алған халықаралық міндеттемелерді орындауға шақырды. “Кеңейтілген әріптестік келісіміне сәйкес, Еуроодақ Қазақстанды жүйелі кемшіліктерді түзетуге, ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның ұсыныстардын толық жүзеге асыру үшін бұл ұйыммен конструктивті түрде қарым-қатынасты жалғастыруға шақырады” делінген мәлімдемеде.

Еуроодақ демократия, тұрақтылық және инклюзивтілік жолында реформа жүргізіп, модернизацияны жүзеге асыруда Қазақстанға қолдау көрсететін айтты.

Қазақстандағы парламент мәжілісі және мәслихат сайлауын қадағалаған ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау миссиясы елдегі саяси науқанда “шынайы бәсеке болмады, сайлау демократиялық талаптарға сай болмады” деп бағалаған. Халықаралық ұйым “Конституцияда көрсетілген еркіндіктерді жүйелі түрде шектеу сайлаушыларды шынайы таңдаудан айырды” деп мәлімдеген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1334709
Пікірлер

Көрші сілтемелер