Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


“Адал” екінші орын алды – партия мүшесі мәлімдеме жасады | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 09:00 - 2021/01/12

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/talqylanuda/59473-adal-ekinshi-oryn-aldy-partiia-mushesi-m


“Адал” екінші орын алды – партия мүшесі мәлімдеме жасады | DalaNews
| DalaNews

“Адал” екінші орын алды – партия мүшесі мәлімдеме жасады

“Адал” партиясының мүшесі, тележурналист Мақсат Толықбай саяси ұйымның Мәжіліс сайлауында екінші орын алғанын мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оның пікірінше тәуелсіз бақылаушылардың протокол нәтижесі осыны көрсеткен.

“Адал” партиясы 29 процент дауыспен екінші орын алды. Ең көп дауыс берген Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы…Бәрі жабылып “Адалды” жеңді”, – деп жазды журналист әлемжелідегі парақшасында.

Бұған пікір білдірген желідегі жұрттың көзқарасы екіге жарылды.

Бірі: “Дауыстарыңды жоқтап митингіге шыға алмасаңдар, шоумен болғандарың! Қосанов сияқты елдің бәрі беттеріңе түкіретін болады…”, – деген пікір білдірсе, енді бірі: “Сайлау әділ өтсе “Нұр Отаннан” бірнеше есе көп дауыс алар едіңіздер! Ал тәуелсіз бақылаушылардың санағын есепке алмайды” десті.

“Мақсат ештеңе де істемейді. Ол аузын ашпас үшін билік аузы-мұрнын тығындап қойған. Мына жазып жатқандары жәй елді алдарқату…”, – дегендер де табылды.

Бұған дейін журналист Ермұрат Бапи:

“Тәуелсіз бақылаушылар жинаған протоколдар сайлаудың шындыққа жақын орташа қорытындысын жасауға мүмкіндік береді: сол құжаттар бойынша, парламентке барлық бес партия өтті (себебі “Нұр отан” 70%-дың үстінде емес, 40%-дың астында ғана нақты дауыс жинады). Бірақ “сыртта қалған” партиялар – “Адал” мен “Ауыл” өздеріне халық берген дауысты қоғауға қауһарлы ма, ел-жұрттың есіл кеткен ерік-жігеріне араша түсе ала ма? Бұлар өзі саяси партия ма, жоқ әлде Кітапхана мен Ақорданың аяқ сүртетін шүперегі ме? Бүгінгі күннің басты сұрағы осы?” – деген пікір білдірген.

“Адал” партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали “Нұр Отан” партиясын жеңісімен құттықтап үлгерді. 

“Нұр Отан” еліміздің жетекші партиясы. Біз оны әркезде мойындаймыз. Жеңіс құтты болсын!” – дейді Серік Сұлтанғали.

Айта кетелік бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауының алдын-ала қорытындылары жарияланған.

Сайлауға бес саяси партия қатысты: Nur Otan партиясы, Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы, “Ауыл” халықтық-демократиялық партиясы, “Адал” партиясы және Қазақстан халықтық партиясы.

Экзит-полл нәтижелері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіне үш партия өтті: Nur Otan партиясы, Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы және Қазақстанның Халық партиясы.

ОСК хатшысы Сабила Мұстафина айтқан алдын-ала мәліметтер бойынша, дауыстар былай бөлінді:

  • Қазақстан Халық партиясы – 9,10%;
  • Nur Otan – 71.09%;
  • “Ауыл” халықтық-демократиялық партиясы – 5,29%;
  • Қазақстанның “Ақ жол” Демократиялық партиясы – 10,95%;
  • Адал партиясы – 3,57%.

ОСК сайлаудың түпкілікті нәтижелерін аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының барлық түпнұсқаларын алғаннан кейін өз отырысында белгілейді.

10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар сайлауы өтті. Сағат 22:00-дегі жағдай бойынша сайлау учаскелеріне келушілер саны 63,3% құрады. Мәжіліске өту үшін тараптар 7 пайыздық межеден асуы керек еді.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1333712
Пікірлер

Көрші сілтемелер