Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Менің курстан алған әсерім | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 19:30 - 2020/10/13

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/56931


Менің курстан алған әсерім | DalaNews

Менің курстан алған әсерім

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жалпы білім беру мазмұнын жаңартудағы өзгерістері бәрімізге мәлім. Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасының педагог кадрларының кәсіби дамуының «Жаңартылған білім бағдарламасы» бойынша оқыту курсынан алған білімім өз тәжірибеме сын көзбен қарауға түрткі болды

Мен мектеп тренері бағдарламасы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ курстан өттім. Біліктілігімді арттыру үшін қайда барсам екен деп көп ойландым. Бірінші күні мені бір қорқыныш сезімі биледі. Осы курста қандай жаңалықтар аламын, не үшін керек, қандай пайдасы бар деген сұрақтар мазалады. Сол сұрақтарға мен іштей жауап тапқандай болдым. Бұл бағдарламаны игеру барысында негізгі мақсаттарымен таныса отырып, әріптестер үшін маңыздылығын түсіндім. Келген күні өзімді жайсыз сезіндім. Себебі, басқа ортаға түстім, мүлдем таныс емес адамдар. Әрине қорқынышты болды. Себебі сенімсіздік болды. Уақыт өте келе ортаға сіңіп кеттім. Өйткені, әр тапсырманы топта бірлесіп, бір-біріміздің ойымызбен бөлісіп, пікірлесіп, оны талқылап, сосын ортаға шығып жұмысымызды қорғай білдік. Осының бәрі ұйымшылдықтың арқасында. Алғашқы күнгі тренердің берген ақпараттарынан-ақ, мен бұл курс әріптестер арасындағы байланыс туралы екеніне бірден көзім жетті. Алғашқы, 1-апта мен үшін өте тез өтті. Мәліметтер жаңаша, жақсы, ынталандырарлықтай болды. Топтағы жұмыс істеуіміз маған жақсы ұнады. Екі апта ішінде ықшам сабақтарды өткізудің түрлі формаларымен таныстым. Тренеріміз айтқандай ықшам сабақтарда әдіс-тәсілдерді көрсету маңызды емес екен, маңыздысы сабақтың мақсатына сай нәтижеге бағытталған тапсырмаларды тиімді стратегияларды қолданып өткізу керек екенін түсіндім. Курстың барысында мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіру екенін ұқтым. Менің бұл курстан алған әсерім көп болды. Мен бұл курс жайлы естігенмен аса көп мән бермеппін. Осы оқу курсына мазасыздықпен келген алғашқы күніміздің өзінің жағымды тренингпен басталуы қобалжуымызды сейілтіп, тобымызда үлкен достық пен жайма – шуақ ауа райын қалыптастырды. Бұл бәріміздің кез келген қиындықтарды бірлесіп еңсеруімізге, өзімізге сенімділікпен қарауымызға оң ықпалын тигізді. Тренеріміздің әр сабақты жағымды әрекеттерден бастауының нәтижелілігіне күнделікті байқай отырып, өз сабағымның сәтті өтуі де тек өзіңнің сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалай орната білгеніңе байланысты екенін түсіндім. Бізді алғаш курсқа келген күннен бастап, байсалды да, білімді тренеріміз Әбдібаева Сәуле Кенжебекқызы жылы шыраймен қарсы алды. Осындай тренеріміздің арқасында мектеп тренерінің міндеті және оның жауапкершілігі, қызметі туралы көптеген нәрселер үйрендік .Курсқа келген жиырма төрт адам бір-бірімізбен таныстық. Курстың ішкі ережелері таныстырылды. Инфографика әдісі арқылы топтың алтын ережесін шығардық. Сабақта төрт топ болып бөлініп отырып, түсініктерімізді жұптық және топтық жұмыстар арқылы постерлер дайындап өз жұмыстарымызды қорғадық. Сабақтың өте қызықты өтетіндігі әр күні қызығушылықты ояту үшін түрлі әдіс-тәсілдер ,сан түрлі тренигтер жасалатын.

Сабақ барысында пікір таластар қызықты болды. Сөйтіп, тобымызда ынтымақты атмосфера қалыптасты, жаңалыққа деген көзқарас пайда болды. Қызығушылық артты. Курс барысында теориямен, топтық жұмыстың тиімділігі ,оқыту әдістері мен нысандары,сабақ құрылымы сыни тұрғыдан ойлау, оқыту әдістері, рефлексия мен кері байланыс, АКТ-ны пайдалану, рефлексивті оқыту, бағалау түрлері, ықшам сабақ жоспарларын қалай құру керектігін жасап үйрендік.

Курста өткізілетін сабақтардың дайын жоспары жасалып оны қалай, қандай әдіспен өткізу тиімді екендігін үйрендік. Әрбір топтың өткізген бір сабағынан бірнеше дағды қалыптастырып, нақты білімді өз іс-әрекеттеріміз арқылы жасадық.. Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын әдіс-тәсілдер болашақ мектеп тренерлерінің ойлау, шығармашылық, іскерлік білімі мен біліктіліктерін көрсете білді. Әр тренерден әртүрлі дағды мен әдіс-тәсілдерін үйрене отырып педагогикалық тәжірибемді толықтырдым. Курстан кейін мектепке барғанда әріптестерімнің кәсіби деңгейлерін көтеруге және әр баланың ой-өрісін жетілдіретін технологияның түрлі әдіс-тәсілдерін топпен жұмыс, жұппен жұмыс, сын тұрғысында ойлау, диалогтық оқыту және тағы басқа технологиялардың ерекшеліктерін тренингтер арқылы үйретемін деп ойлаймын. 7 модульді әр сабаққа ықпалдастыра отырып құруды SMART арқылы нақты, қолжетімді, шынайы жоспарлау негізінде өзгертулер енгізу керек екендігін аңғардым. Сабақ жоспарының балаға бағытталып БЛУМ жүйесімен жүйелі түрде қайта құрылып, өз тәжірибеме қайта түзетулер енгізу керек екендігін түсіндім. Сонымен қатар, мектепішілік қиындықтарды жеңуге болатын тиісті қадамдар жасау әрекеттерін меңгердім деп есептеймін. Менің ойымша, күнделікті өмірде кез келген істе жетістікке жету,тіпті, әр күніңнің сәтті өтуі өзіңнің көңіл-күйіңе байланысты. Егер көңіл-күйің жақсы болса, бойыңда тау қопарардай шабыт пен өз-өзіңе деген сенімділік пайда болады. Курстың бірінші бетпе-бет кезеңі маған ұмытылмастай әсер қалдырды. Әртүрлі мекендерден келген әріптестермен араласып, тәжірибемен, ой-пікірлермен бөлісу де мен үшін үлкен мектеп болды.

Осы оқу бағдарламасы да әріптестердің қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын әріптес ретінде қалыптасу нәтижелерін күтеді. Сондықтан алға қойған кәсіби міндетімізді іске асыруда бағдарламаның көмегі зор екенін түсіндім. Күн сайынғы дәрістерден, тренердің айтылған әр сөзінен, түрлі тренинг, көрсетілімдердің әсерінен қалай оқыту керектігін түсініп қана қоймай, бұл ақпараттар өзімнің жеке қасиеттерімнің де өзгеруіне оң ықпалын тигізді.

Күнделікті сабақта топтасып жұмыстануда, берілген тапсырманы шешу арқылы, әріптестердің жан дүниесін түсінгендей болдым, бұл курстан өз тәжірибемде нәтижеге жетуде шешімін таппай жүрген мәселелерді шешудің жолын таптым. Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» дегені әр маманның жадында болуы тиіс. Сондықтан сабағымның әр кезеңінің мақсатын ашатындай тиімді әдіс-тәсілдерді таңдауда көп ойлану керек екенін түсіндім.Осы курста біраз мағлұмат алдым. Ең маңыздылығы сабақ беруде жеті модульді пайдалану, яғни стратегияларды және тәсілдерді,сыни ойлайтын ашық сұрақтарды қою керек екенін түсіндім. Нақтылығын айтқанда, өзі түсінетін адам өзі зертеп білімді жинайды, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды, өзінің іс әрекетіне қатысты таңдау жасап, басқаларының ойымен күмәнмен қарау, дұрыс бағалай білуді үйренеді. Ал АҚТ-ны қолдану барысында ізденіс қалыптасады, ұсынады, сақтайды және бірлесіп жұмысқа қатысады. Осы курста алған білімімді практикада қолданамын. “Жақсы сөз – жарым ырыс дегендей”, ең бастысы, жылы көзқараспен, жағымды сөздерімізбен әрітестің ықыласын оятып, қолынан іс келетініне сендіре білуіміз керек. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп ұлы Абай атамыз айтқандай болашақта осы курстан алған білімімді мектебімде жүзеге асыра аламын деп ойлаймын. XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәнін түсіне біліп, шешімдер мен іс-әрекеттерді ұйымдастыра білетін мектеп тренері болатындығыма сенемін.

Алдағы уақытта осы курстан алған біліммен қатар түрлі нұсқаулықтар мен әртүрлі кеңестер, ресурстар көмекке келеді деп болжаймын. Осы орайда курстың тренері Сәуле Кенжебекқызына алғысым шексіз. Өзінің терең білімімен қатар іскерлігімен, жан-жақты ізденісімен бізге өз бетімізше білім алуымызға толық жағдай жасап, ынтымақтастық орта құра білгенін көрдім. Әр әріптесіме сәттілік тілеймін!

Иманберлина Қызылгүл Мылтықбайқызы,

«№194 мектеп» КММ

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1279567
Пікірлер

Көрші сілтемелер