Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Әрбір адам ертеңіне алаңдар». Ринат көпшілікке үн қатты. | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 14:30 - 2020/10/10

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/56874


«Әрбір адам ертеңіне алаңдар». Ринат көпшілікке үн қатты. | DalaNews

«Әрбір адам ертеңіне алаңдар». Ринат көпшілікке үн қатты.

Өткен Президент сайлауы кезінде Әміржан Қосановтың шашбауын көтеріп, жұртты оған дауыс беруге үгіттеген айтыскер ақын Ринат Зайытов көпшілікке арнап жыр жазыпты. Ол саяси науқаннан кейін көпшілік секілді Қосановқа алданып қалғанын айтқан болатын. Ринаттың бұл сөзіне жүрттың біразы сенсе, енді бірі сенбеген-ді. Арадағы біршама уақыттан кейін ақын халыққа арнап жыр жазыпты. Танысыңдар. 

 

Әрбір адам ертеңіне алаңдар,

Дей алмаймын таусылмайтын шамам бар.

Жек көрсең де, кектенсең де себепсіз

Мен сендерді түсінемін АДАМДАР.

 

Жүрегіме сыймай қалған жамандар,

Өзінікін дұрыс қой деп бағамдар.

Бауырыңа баспасаң да бағалап,

Мен сендерге ренжімеймін АДАМДАР.

 

Таптатпауға тырысумен табанға АР,

Бейнетпенен ғұмыр кешкен адалдар.

Илеп, илеп итке тастай салсаң да,

Мен сендерді жақсы көрем АДАМДАР.

Тағы оқыңыздар 

Мұхамеджан Тазабек: «Ринаттың ұлтты сүюі – жек көріп, жауласуға себеп болмайды»

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1277769
Пікірлер

Көрші сілтемелер