Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентте мүгедек балалардың кедергісіз білім алуын қамтамасыз ет платформасы іске қосылды | DalaNew



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 11:00 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/56257


Шымкентте мүгедек балалардың кедергісіз білім алуын қамтамасыз ет платформасы іске қосылды | DalaNews

Шымкентте мүгедек балалардың кедергісіз білім алуын қамтамасыз ет платформасы іске қосылды

Шымкент қаласында осы жылы  мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу, білім беру бойынша жүйелі шаралар қабылданған.

Бұл жөнінде толығырақ Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты.

– Биыл мүмкіндігі шектеулі балалардың кедергісіз білім алуын қамтамасыз ету мақсатында «МАЛАХИТ арнайы білім беру ұйымдарының қызметтері» платформасын  іске қостық. Онда арнайы білім беру ұйымдары көрсететін қызметтерді кедергісіз алуға мүмкіндік жасалған, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Сонымен қатар, ол техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жолға қою, сұранысы жоғары мамандықтардың тізбесін қалыптастырып, олардың экономиканың қозғаушы күші ретіндегі рөлін жоғарылату мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Қала әкімінің айтуынша, бұл бағытта «College Smart Nation» порталы енгізілген.

Аталған портал студенттерді оқуға қабылдауды, қажетті анықтамаларды электронды жүйе арқылы алуды және тегін тамақпен қамтамасыз етуді қарастырады екен.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы оқыңыз:

Шымкент ауруханалар жаңа медициналық техникалармен толықты

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1262000
Пікірлер

Көрші сілтемелер