Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жетісуда құны 104,1 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асуда | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 17:15 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/56219


Жетісуда құны 104,1 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асуда | DalaNews

Жетісуда құны 104,1 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асуда

Ағымдағы жылы Алматы облысында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 400 жұмыс орнын құрылып, 104,1 млрд теңгеге 12 жоғары технологиялық және инновациялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Биыл құны 14,1 млрд теңгені құраған 3 жоба пайдалануға берілі, 578 адамды жұмыспен қамтыды. Солардың ішіндегі ең ірісі «Жетісу Мажико» агрокешені майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты, «NauryzAgro» бройлер бағытындағы құс фабрикасы, «Жетісу Соя» байпасты протеин мен соя майын өндіру зауыты.

Жыл соңына дейін жалпы құны 90 млрд теңге болатын 9 жоба іске қосылып, 1800-ден астам жұмыс орны ашылады.

Индустрияландыру картасының жобалары бойынша «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде қажетті инфрақұрылымды жүргізіп беру, визалық қолдау, шетелдік жұмыс күшіне квота беру, жер учаскелерін бөлу, жеңілдікпен несие беру, кедендік баждан босату түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты негізде көрсетіліп келеді.

Естеріңізге салар болсақ, индустрияландыру жылдарында (2010-2019 жылдар) облыста барлығы 344,2 млрд теңгеге 64 нысан іске қосылды. 10 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 307,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында 82 тауарлы-сүт фермасы табысты жұмыс істеуде

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1261522
Пікірлер

Көрші сілтемелер