Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Цой тұмауға қарсы екпе салдырды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 10:45 - 2020/09/14

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/56128


Цой тұмауға қарсы екпе салдырды | DalaNews

Цой тұмауға қарсы екпе салдырды

Елімізде республикалық вакцинация науқаны басталып, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтан қаласыдағы №6 қалалық емханаға барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды baq.kz порталы.

Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді, оның ішінде 2 жарым мыңнан астам науқас зертханада анықталған тұмауға шалдыққан. Оның 284 033-і немесе 61,4 пайызы 14 жасқа толмаған балалар.

Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады.

– Бұл жолы елімізде вакцинацияны жылдағыдан екі апта бұрын бастаймыз. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып екпе салдырдым, – деді Алексей Цой.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қазақстанда егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді.

Бірыңғай дистрибьютор халықтың 10 пайызынан астамын тегін вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 2 млн астам дозасын сатып алды. Вакцина құрамында тұмаудың үш штаммы- А(H3N2), А(H1N1) және В қарсы антиген бар.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ға тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 7200 дозасын бөлген.

Емханда 3500 бала, 3700 ересек, оның ішінде 468 жүкті әйелді, диспансерлік есепте тұрған 2 582 адам мен 65 жастан асқан 519 азаматты және 350 медицина қызметкерін вакцинациялау жоспарлануда.

«Гриппол +» вакцинасы тұмауға қарсы ерекше жоғары иммунитет қалыптастырады.

Вакцинация тәуекел тобына кіретін адамдар үшін тегін, атап айтқанда:

  • мектеп жасына толмаған және мектеп жасындағы балалар;
  • медицина қызметкерлері;
  • жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі);
  • жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп-интернаттар;
  • созылмалы ауруы бар ересектер мен балалар;
  • 60 жастан асқан қарттар.

Елімізде бүгінде тұмауға қарсы вакцинациядан бас тартқандар тіркелген жоқ.

Тағы оқыңыз:

250 мың айлыққа жұмысшы табылмай жатыр

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1259619
Пікірлер

Көрші сілтемелер