Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Коронавирус статистикасы: Қазақстан Қытайды басып озды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 13:45 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/55177


Коронавирус статистикасы: Қазақстан Қытайды басып озды | DalaNews

Коронавирус статистикасы: Қазақстан Қытайды басып озды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияның жаңартылған статистикасын жариялады деп хабарлайды Dalanews.kz.


1 тамыздағы жағдай бойынша, COVID-19 зертханалық расталған жағдайлардың саны – 1226, соңғы бір тәулікте коронавирустан 36 адам қайтыс болды.

Анықталмаған этиологиясы бар, бірақ коронавирустық инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5181. Өткен тәулікте пневмония диагнозымен 30 өлім жағдайы тіркелді.

Министрлік коронавирустық пневмониямен ауырғандардың шілдедегі мәліметін әлі күнге жариялаған жоқ. 

Ал коронавирус жұқтырған азаматтардың саны ел көлемінде 91 593-ке жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Қытайдан асып түсті. Қытайда коронавирус инфекциясы бүгінге дейін –  84 337  адамнан анықталды.

Айта кетелік Қазақстандағы халық саны 18 млн-ды құрайды, ал Қытайда 1,5 млрд-қа тақау адам тұрады.

Маусым айында Қазақстанда пневмонияға шалдыққандардың саны күрт өсіп, бір айда – 628 адам көз жұмды. Олардың коронавирус сынамасы теріс нәтиже көрсеткенмен, белгілері қауіпті індетке ұқсас болатын.

Президент Тоқаев коронавирус жұқтырғандар мен індеттен қайтыс болғандардың ресми статистикасына күмән келтіріп, пандемия бойынша көрсеткішті бұрмаламауды бұйырған еді.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1232216
Пікірлер

Көрші сілтемелер