Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы облысында табиғи газға жеңілдікпен қосуға жарты миллиард теңге бөлінді | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 12:00 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/55130


Алматы облысында табиғи газға жеңілдікпен қосуға жарты миллиард теңге бөлінді | DalaNews

Алматы облысында табиғи газға жеңілдікпен қосуға жарты миллиард теңге бөлінді

Алматы облысында халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына қолдау көрсету мақсатында абоненттерді газбен жабдықтауға қосу қызметтерінің құнын арзандату бойынша «Талдықорған қаласы мен Алматы облысының елді мекендеріндегі тұрғын үйлерді газдандырудың» қаржылық-экономикалық негіздемесі әзірленді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – газбен жабдықтау жүйесіне абоненттерді қолжетімді бағамен және бөліп төлеу мүмкіндігін қолдана отырып қосу. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 500,0 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді,

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының хабарлауынша, облыстың елді мекендерін газдандыру бағдарламасының үйлестірушісі – «Жетісу-ОблГаз» ЖШС.

Мәселен, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы абоненттерін газбен жабдықтау үшін «Жетісу-ОблГаз» ЖШС мен «ХоумГаз» ЖШС жеке ұйымы арасында абоненттерді газға қосу жұмыстарын жүргізуге консорциум жасалған. Консорциумға сәйкес бір абонентті толық қосу құны орташа есеппен 250-300 мың теңге болады.

Бұл ретте құрылыс материалдары мен жабдықтарының барлық түрлері абоненттерге 8 ай мерзімге пайызсыз бөліп төлеу арқылы беріледі. Бүгінгі таңда 43 абонентті газ тарату желілеріне қосу жұмыстары басталды, үй иелерімен келісімшарттар жасалуда.

Еске салсақ, Алматы облысында 144 елді мекен газдандырылды, табиғи газға 1,1 млн адам немесе тұрғындардың 56% қол жеткізе алады. Барлығы 20 аудан мен қалалардың 15-і газдандырылған.

Облыстың газдандырылмаған қалған 5 ауданы үшін ұзындығы 224 шақырым «Талдықорған-Үшарал, ұзындығы 118 шақырм «Шелек-Кеген» магистралды газ құбырының ТЭН және ЖСҚ-сы әзірленуде. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 149,1 млн теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 91 елді мекен газдандырылатын болады, 300,0 мың абонент газға қол жеткізеді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында індетке шалыққандар саны азайып келеді

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1230469
Пікірлер

Көрші сілтемелер