Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Үйде емделіп жатқандарға тегін дәрі беріледі | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 10:30 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/55115


Үйде емделіп жатқандарға тегін дәрі беріледі | DalaNews

Үйде емделіп жатқандарға тегін дәрі беріледі

Коронавирустан үйінде емделіп жатқан науқастар парацетамол мен антиагулянттарды он күннен кейін өзі тіркелген емханадан тегін ала алады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанда амбулаторлық деңгейде ем алып жатқан пациенттер үшін коронавирустан емдеу хаттамасына 5 препарат қосылды. Олар – парацетамол, ибупрофен және ривароксабан, апиксабан, дабигатран антикоагулянттары.

– Науқастар амбулаторлық деңгейде бұл дәрілерді тегін алуы үшін бірқатар құжатқа өзгеріс енгізілді. Хаттамаға жаңа қосылған препараттарға бүкіл өңір өтінім берді. Қазір Бірыңғай дистрибьютор сатып алу процедурасын жүргізіп жатыр. Он күннен кейін дәрі-дәрмектер коронавирустан амбулаторлық деңгейде емделіп жатқан пациенттерге қолжетімді болады, – деп жазды Бюрабекова желіде.

Ол коронавирус диагнозы қойылған пациенттер препараттарды өзі тіркелген емханадан, тек дәрігердің тағайындауымен тегін ала алатынын атап өтті.

Егер пациентке бұл дәрілер тегін берілмесе, Бірыңғай дистрибьютордың 1439 байланыс орталығына хабарласып шағымдануға болады.

Вице-министрдің айтуынша, қазір коронавирус инфекциясынан емдеу үшін түпнұсқадағы Байер (Ривароксабан) компаниясының Ксарелто, Пфайзер (Апиксабан) компаниясының Эликвис, Берингер Ингельхайм (Дабигатран) компаниясының Прадакс антикоагулянтын сатып алу бойынша өндірушілермен келісссөз жүргізілуде.

Тағы оқыңыз:

Тоқаев карантинді тағы да екі аптаға ұзартты

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1230398
Пікірлер

Көрші сілтемелер