Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да Құрбан айтта бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 21:15 - 2020/07/29

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/55109


ШҚО-да Құрбан айтта бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды | DalaNews

ШҚО-да Құрбан айтта бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды

Құрбан айт мерекесіне орай 2020 жылғы 31 шілде күні сағат 00:00-ден 2020 жылғы 02 тамыз сағат 23:55-ке дейін меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үйлер мен медреселерде адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында дін істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Исабаев мәлім етті.

– Автокөліктерден және жеке меншік үй иеліктерінен мал сатуға болмайды, – деді Асқар Исабаев.

ШҚО-ның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес онлайн режимде құрбандық шалуды өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған орындардан басқа жерлерде мал союды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады. Сонымен қатар 2020 жылғы 30 шілде күні сағат 18:00-ден бастап 02 тамыз сағат 23:55-ке дейінгі аралықта жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтарының және ІҚМ және ҰҚМ сату базарларының жұмысы тоқтатылады. Брифингке қатысқан Асқар Исабаев осылай деді.

Тағы оқыңыз:

ШҚО бас имамы онлайн Құрбан шалуды түсіндіріп берді

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1230148
Пікірлер

Көрші сілтемелер