Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ясауи кесенесі күмбезін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 11:15 - 2020/07/29

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/55052


Ясауи кесенесі күмбезін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды | DalaNews

Ясауи кесенесі күмбезін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды

Үш жылдан бері жабық тұрған кесене күмбезін жаңарту жұмыстары аяқталды. Күмбездің тарихи келбеті сақталып, желдеткіш қабаттары ретке келтірілді. Қазір күмбез етегіндегі сегіз қырмен қосылған жерінде гидрооқшаулау жұмыстары аяқталуға жақын.

Күмбезді қайта қалпына келтіру жұмыстары облыс әкімі Ө.Шөкеевтің жіті қадағалауымен Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе жүргізілуде.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағындағы тарихи орындарда қайта қалпына келтіру жұмыстары, ортағасырлық Күлтөбе қалашығы, Хан ордасы мен мешіті орналасқан магистралды көше бойында археологиялық қазба жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ал Күлтөбе қалашығындағы қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша 2019 жылы 5000-нан аса біздің эрамызға дейінгі 1 ғасырда жасалған ежелгі алтын бұйымдар табылған.

Бұдан бөлек, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында туристер демалатын, қалың бау-бақшалы селфи-аймақ жасақталады. Тарихи нысанның «Тақия қақпасы» маңында қазба жұмыстары жүргізіліп, табылған жәдігерлер туристер көз қуанышына айналмақ.

Сондай-ақ, Б.Саттарханов даңғылы аумағында этноауыл салынуда.

Атап өтейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде атқарылған жұмыстардың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілуде. Кесенедегі қайта қалпына келтіру жұмыстарымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова да келіп танысты.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Тағы оқыңыз:

Елордада вирус жұқтырған науқастардың 67,1%-ы емделіп шықты

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1229580
Пікірлер

Көрші сілтемелер