Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада вирус жұқтырған науқастардың 67,1%-ы емделіп шықты | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 23:15 - 2020/07/28

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/55032


Елордада вирус жұқтырған науқастардың 67,1%-ы емделіп шықты | DalaNews

Елордада вирус жұқтырған науқастардың 67,1%-ы емделіп шықты

Үкіметтің жедел шаралары нәтижесінде Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың 67,1% пайызы  емделіп шықты.

Қазіргі күні қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны – 10 070. Емделіп шыққан адамдар саны – 6766, немесе 67,1% пайыз, ал соңғы бір апта ішінде жазылып шыққандар саны – 1563 адамды құрады, демек  науқастардың шамамен 25%-і өткен аптада сауықты.

1758 адам стационарларда ем алып жатыр. Ауыр халдегі науқастар саны 34%-ке азайды, яғни 199-дан 132 адамға дейін. Президенттің тапсырмасына сәйкес, қабылданған бірқатар шаралар нәтижесінде карантин енгізілген сәттен бастап КВИ бойынша жағдайдың нақты тұрақтануы байқалады.

Өз кезегінде денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ едәуір азайды. Нақтырақ айтқанда жедел жәрдемге тұрғындардың жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 1600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеді. Коронавирус инфекциясы бойынша жедел жәрдемге жүгіну тәулігіне 500-ден 73-ке дейін азайды. Елордада стационарлардың жүктемесі де реттелді. Жедел шаралар нәтижесінде 99%-тен 45%-ке дейін төмендеді. Пневмониямен жатқан адамдар саны 45% пайызға, яғни 1348 ден – 746 ға деін азайды.

Тағы оқыңыз:

Бекшин: “Құрбан айтта үйде мал союға, қой сатуға тыйым салынады”

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1229293
Пікірлер

Көрші сілтемелер