Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өскеменде сенбіден бастап қозғалыс қайта шектеледі | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 12:00 - 2020/06/28

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/54067


Өскеменде сенбіден бастап қозғалыс қайта шектеледі | DalaNews

Өскеменде сенбіден бастап қозғалыс қайта шектеледі

Өскемен қаласының бас санитарлық дәрігері Михаил Дерябин 27 маусымнан 11 шілдеге дейін Өскемен қаласында қозғалыс қайтадан шектелетін мәлімдеді.

Өскемен қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжановтың айтуынша, бұл жолы қаланың шыға берістеріне ешқандай блокпосттар қойылмайды, дегенмен қала іші және саяжайлар аумағы қатаң патрульдік бақылауға алынбақ.

 – Өскемендіктер әдеттегідей жұп және тақ күндер карточкалары бойынша көшеге шыға алады. Карточкалар мен арнайы рұқсатнамаларды қайта алудың қажеті жоқ, барлығы базада тұр, – деді қалалық полиция басшылығы.

Азық-түлік сататын дүкендер 8-00 мен 20-00 аралығында жұмыс істейді. Азық-түлік сатпайтын сауда нысандарының жұмысы кешкі 17-00 ге дейін шектеледі. Парктердің барлығы жабылады.

Түнгі 22-00, таңғы 5-00 аралығында жаяу адам мен автомобиль қозғалысына толықтай тыйым салынады.

Ал өндірістік кәсіпорындар мен техникалық қызмет көрсету орындары өз жұмыстарын тоқтаусыз жалғастыра бермек.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1209548
Пікірлер

Көрші сілтемелер