Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Зайсанда минералды су шығаратын зауыт құрылысы басталды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 11:30 - 2020/06/28

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/54061


Зайсанда минералды су шығаратын зауыт құрылысы басталды | DalaNews

Зайсанда минералды су шығаратын зауыт құрылысы басталды

Зайсан ауданындағы шалғайда жатқан Дайыр ауылдық округінде “ARNNA MINERALS” ЖШС минералды ауыз су шығаратын зауыт құрылысын бастады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл жерде жұмыс істеген цехтің жұмысы тоқтап қалған болатын. Дегенмен таза артезиан суының денсаулыққа пайдалылығын ескеріп, өңірдегі байлық көзін аудан тұрғындары неге пайдаланбасқа деген мақсатпен инвестор тартылып, зауыттың жұмысы қайта жанданып жатыр.

– 80-ші жылдардан бері бұл жерден минералды су шығады. Бірақ тұрғындар жабайы негізде алып жүрген. Сосын бертін шағын цех ашылып, жұмысын бастап, кейін тоқтап қалды. Енді мына зауыт құрылысы бітсе, онда 27 млн литр газдалған артезиан сусынын, 9 млн литр тәтті сусын алу мүмкіндігі бар. Тұрғындар таза ауыз суға қол жеткізеді, – дейді Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин.

Жобаға инвестор 1 млрд астам қаржы құйған. Жаңа зауыт іске қосылған соң, денсаулыққа пайдалы тіршілік нәрін республиканың түкпір-түкпіріне тиімді бағамен  экспортқа шығармақ ниетте. Құрылыс биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1209538
Пікірлер

Көрші сілтемелер