Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алакөлдің шығыс жағалауы туристерді қарсы алуға әзір | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 18:30 - 2020/06/26

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/54035


Алакөлдің шығыс жағалауы туристерді қарсы алуға әзір | DalaNews

Алакөлдің шығыс жағалауы туристерді қарсы алуға әзір

Алакөлде 13 маусымнан бастап туристік маусым ашылды. 

 Алакөл көлінің Шығыс жағалауы туристерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып қабылдауда.

Демалыс бойынша ешқандай шектеу жоқ. Барлық көлік қатынасы тұрақты режимге көшті. Алдын-ала билет сатып алу, брондау жүргізілуде.

Биыл демалушылар мен демалыс базаларының басшыларына қатаң талап қойылып отыр. Көлге демалуға келетін әрбір отбасы коронавирустың теріс тест нәтижесін ұсыну қажет. Тесті бір отбасыдан бір адам ғана тапсырады. Егер демалушылар тест тапсырып үлгермеген жағдайда Алакөлдің басында тест тапсыруға жағдай жасалған. Екі мобильдік пункт бар.

Бұдан бөлек көлдің іргесіндегі Қабанбай ауылында туристер ауырып қалған жағдайда медициналық көмек көрсететін 12 орындық провизор ашылған.

Тәулік бойы қызмет көрсететін медициналық пункт дәрігерлері егер демалушылар өздерін жайсыз сезініп, дене қызуы көтерілсе қайта тестілеуден өткізіп, медициналық көмек көрсетуге әзір.

Соңғы жылдары Алакөлдің Шығыс бөлігі айтарлықтай өзгерді. Әсіресе жағалауды абаттандыру жұмыс­тары қарқынды түрде жүргізілуде. Көл жағалауын абаттандыруға 2016 жыл­дан бері 6,2 млрд теңге қаражат жұмсалды.

– Алакөл еліміздің ең ірі демалыс орнына айналу керек. Туристік әлеуетін жоғарлату мақсатында ауқымды шараларды қолға алдық. Инвесторлар мен жеке кәсіпкерлер де бұл істен тыс қалмауда. Биыл індеттің өршуіне байланысты демалушыларды барлық санитарлық талаптарды сақтауға шақырып, қауіпсіздік шараларын ұйымдастырудамыз, – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Бүгінгі таңда көл жағасында 175 демалыс үйі қызмет көрсетуде, сұраныстың артуына байланысты олардың саны да жыл сайын артып келеді.

Биыл жалпы аумағы 2,5 шақырымды құрайтын веложол мен 5 жаңа модульді сауда павильондарының құрылысы аяқ­талды

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1208888
Пікірлер

Көрші сілтемелер