Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шығыста балаларға арналған оңалту орталықтары толық жөндеуден өтеді | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 15:30 - 2020/06/23

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/53966


Шығыста балаларға арналған оңалту орталықтары толық жөндеуден өтеді | DalaNews

Шығыста балаларға арналған оңалту орталықтары толық жөндеуден өтеді

Шығыс Қазақстанда балалар мен ересектерге арналған оңалту орталықтарына толық жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Яғни, орталықтардағы 5 мыңнан астам адамның өмір сүру деңгейі жақсара түспек. Аталмыш жұмыстар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асырылып отыр.

Ағымдағы жылы облыста Жұмыспен қамтудың жол картасына қомақты қаржы бөлініп, барлығы 817 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Тек әлеуметтік салада 385 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу, оның ішінде әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі өмірді жақсарту бойынша 24 жоба жоспарланған. Сонымен бірге барлық инфрақұрылымдық бағдарламаларды іске асыру үшін 18 870 уақытша, 1150 тұрақты жұмыс орнын құру жоспары бар.

Айта кетсек, биыл Өскемен қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету балалар орталығында көптен бері шешімін таба алмай келе жатқан мәселе он шешімін тапты. Балаларға сауықтыру сабақтарын жүргізуге арналған бассейн тым төмен болған, судың мөлшерден аз болуы тиімсіз болды.

Ағымдағы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында бассейн қайта жөнделіп, балаларға қуаныш силады. Сонымен қатар демеушілер көрсеткен 27 млн теңге қаржылай көмекке тиісті ортопедиялық жабдықтар сатып алынды.

Аталмыш нысандар біз үшін өте маңызды. Әлеуметтік қорғау саласындағы жобаларды жүзеге асыруға 2,2 млрд. теңге бөлінді. Бұл негізгі міндеттер. Біз барлық орталықтардағы мәселелерді кезең-кезеңімен шешеміз. Барлық жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталады. «Жұмыспен қамтудың жол картасының» ең маңызды әсері – әрбір азаматтың өмір сүру деңгейінің жақсаратынын сезіну, – деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сарсебаев.

Жалпы, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 205 км қалалық және ауылдық маңызы бар автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бұл жақын елді мекендердегі 236 мыңнан астам облыс тұрғындарының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. 87 мыңға жуық тұрғынға арналған 153 км сумен жабдықтау желілері жөнделмек.

Сонымен қатар, бірнеше ондаған мың адамдар үшін орталықтандырылған ағынды сулар, жылу және электр энергиясының қызметтері стандартты деңгейге жеткізіледі.

Сондай-ақ, көп қабатты тұрғын үй құрылысының учаскелеріне ұзындығы 151 км болатын қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған.

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін 37 тұрғын үй мен 74 пәтер, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 716 орынға арналған 2 жатақханасы салынады. Халықтың демалысы үшін саябақтарды, көшелерді, туристік нысандарды, аулаларды, жаттығу алаңдарын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, энергия үнемдейтін жарықтандыру орнатылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1206368
Пікірлер

Көрші сілтемелер