Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Талғар ауданында 8 мектепке 10 жаңа балалар автобусы берілді | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 22:15 - 2020/06/22

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/53940


Талғар ауданында 8 мектепке 10 жаңа балалар автобусы берілді | DalaNews

Талғар ауданында 8 мектепке 10 жаңа балалар автобусы берілді

Бүгін Талғар ауданындағы 8 мектепке оқушы тасымалдау үшін 10 жаңа автобус берілді. Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорлары мен ауыл әкімдеріне аудан басшысы Жолан Омаров табыстады.

– Өткен жылы аудан мектептерін аралап жүріп, ауылдағы балаларды тасымалдайтын автобустардың жағдайын көріп, жүрегімді ұстағаным бар. Сол кезде бұл мәселені тезірек қолға алу керектігін түсіндім. Бұл көліктер оқушылардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін және жақсы оқып, үлгілі оқушы болулары үшін беріліп отыр, – деген аудан басшысы, сондай-ақ ауыл әкімдеріне жаңа көліктерді талапқа сай ұстап, қарауға тапсырма берді.

Айта кетсек, ауданда  жалпы  білім  беретін 42 орта мектеп жұмыс жасайды.  Оның ішінде 14 мектепке 25  мектебі жоқ елді мекендерден 2526 оқушы тасымалданып оқытылады.

10 жаңа 21 орындық автобустарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 133 млн. теңге бөлінген.

Сонымен бірге, тасымалдау қажеттілігін толық шешу үшін, алдағы уақытта 3 мектептің саяжайдан 809 оқушысын тасымалдайтын және Талғар қаласына МТФ-дан 45 оқушы тасымалдайтын автобустар сатып алу жоспарда бар.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысындағы мектептердің 84%-ы WI-FI-ға қосылған

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1205879
Пікірлер

Көрші сілтемелер