Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Берік Уәли коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 18:15 - 2020/06/22

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/53936


Берік Уәли коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты | DalaNews

Берік Уәли коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

– Ауруханадан бүгін шықтым. Дәрігер қорытындысында менің жағдайым жақсарып келе жатқаны айтылады. Маған коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Денсаулығым ауыр деп бағаланды. Екі жақты пневмонияны тіркеді, бес күн бойы жансақтау бөлімінде жаттым, – деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, енді ол үйде қатаң карантин режимінде болады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы әлі де дәрігерлердің бақылауында болады, отбасы мүшелерімен тікелей байланысқа тыйым салынған.

Жалпы, осыдан кейін дәрігер мені әрі қарай хаттама мен келісілген тәртіпке сай қарап, тексеретін болады, – деді Берік Уәли.

Ауруханадан босап шыққан Берік Уәли алдындағыдай қашықтан жұмысын жалғастыра бермек.

– Мен ауруханада жұмыс істедім, сол секілді қашықтықтан жұмысымды жалғастыра беремін, – деді ол.

Сөз соңында Берік Уәли дәрігерлерге, мейірбикелер, сондай-ақ барлық медициналық қызметкерлерге өз алғысын білдірді.

– Кеше бізде медицина қызметкерлері күні болды. Олардың бәрін де қаһарман жандар дегім келеді. Олардың кейбіреулері бірнеше айдан бері отбасыларын көрмеген. Олар шынымен де мықты адамдар, – деп сөзін қорытындылады Берік мырза.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1205724
Пікірлер

Көрші сілтемелер