Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-14966289247 %53 %

Елордада балалар арасында Паралимпиада ойындары алғаш рет ұйымдастырылды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 10:30 - 2019/11/08


Елордада балалар арасында Паралимпиада ойындары алғаш рет ұйымдастырылды | DalaNews

Елордада балалар арасында Паралимпиада ойындары алғаш рет ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан қаласында «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған Паралимпиадалық жаттығу орталығы» мен «Тарлан» мұз айдынының қызметін ұйымдастыру  мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде алғаш рет балалар арасында Паралимпиада ойындары өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ерекше мүмкіндігі бар 220 бала спорттың 5 түрінен жарысты. Спортшылар елордаға Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлерінен келгенін айта кетуіміз керек.

Балалар паралимпиядалық ойындары «ерекше» балалар арасында бейімделген спорттың – бочча, пара үстел теннисі, пара таэквондо, пара каратэ және пара чирлидинг бойынша сынға түсті.

Бұл ретте чирлидинг алғаш рет инклюзивті жарыстар бағдарламасына енгізілгенін айта кеткен жөн. Іс-шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы» ҚБ ұйымдастырды.

Балалар паралимпиядалық ойындарына бейімделген спорт бойынша ментальды бұзылыстары, БЦП, Даун синдромы бар балалар, сондай-ақ онкологияны жеңген жас спортшылар қатысты.

Анар Алмасова – үш «ерекше» баланың анасы. Үлкен ұлы Арыстанбек 17 жаста, ал Нариман – 13 жаста. Екеуінде де ментальды бұзылулар бар. Жыл сайын олар бочча және таэквондомен шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысып келеді.

– Спорттың арқасында менің балаларым физикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар зияткерлік жағынан да дамып келеді. Ұлым Нариман өте ұзақ уақыт сөйлей алмады, бірақ ол бейімделген дене шынықтырумен айналыса бастағаннан кейін кітапқа қызығушылық танытып, буындарды оқи алатын болды. Қазір ұлым бұрынғыдан шыдамдырақ, – дейді Анар Алмасова.

Бейімделген спорт бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балалардың қимыл-қозғалыс бұзылыстарын түзетудің, физикалық дамуын ынталандыру үшін қажет. Қазір елімізде инклюзивті спорт секциялары ашылып, «ерекше» балаларға дене шынықтыруды оқыту әдістемесі әзірленіп жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1069383
Пікірлер

Көрші сілтемелер