Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-171150368439 %61 %

Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүкіл түркі әлемі Түркістанды орталық деп санайды» | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 10:00 - 2019/11/07


Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүкіл түркі әлемі Түркістанды орталық деп санайды» | DalaNews

Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүкіл түркі әлемі Түркістанды орталық деп санайды»

Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына жұмыс сапармен барып, жаңадан құрылған облыс орталығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, қарапайым халықпен пікірлесті. Елбасы сапар барысында Елбасы қаланың рухани-мәдени орталығында өткен концертке қатысып, Түркістан облысының тұрғындарымен жүздесті.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы шешімінің тарихи маңызына тоқталды.

– Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, жағдай бұған жол бермеді. Бүгін бұл қала облыс орталығына айналды, шаһарды жандандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан – түркі әлемінің бесігі. Бауырлас түркі мемлекеттері де бізге көмектеседі деп сенемін, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті бүкіл қала бойынша жүріп жатқан құрылыс қарқынының жоғары екенін атап өтті.

– Бірінші кезеңде 175 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 102-cі биыл іске қосылады. Бұл процеске еліміздің барлық өңірлері қатысып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы облыс орталығының құрылысы мен жандануына ат салысып жатқан барша жұртқа алғысын білдірді.

– Барлық жоспарланған нысандардың құрылысы аяқталғаннан кейін біз туристердің көбеюін күтеміз. Сонымен қатар, қосымша жұмыс орындары ашылады. Мұның бәрі біздің халқымыздың өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді, – деп түйіндеді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Концерт соңында Нұрсұлтан Назарбаев қолөнершілердің көрмесін аралап көрді. Онда әлемнің 20 елінен келген шеберлердің жұмыстары ұсынылған.

Елбасы Түркістан облысына жасаған сапарында Тұңғыш Президент Саябағындағы ойын-сауық паркінің құрылыс жобалары таныстырылды. Сондай-ақ, Елбасы желілік саябақ жасау жоспарын көріп, қалалық Арбатты қайта қалпына келтіру жұмыстарын оң бағалады. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру жобасы туралы ақпарат берілді.

Елбасы жаңа Неке сарайына да бас сұғып, шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайлармен әңгімелесті. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев жас отау иелерін құттықтап, бақыт пен береке тіледі.

Елбасы Түркістанға жасаған сапары кезінде өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған жұмыс бөлмелерін аралап көрді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаладағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны жоғары екенін атап өтті.

– Шымкент миллион тұрғыны бар қалаға айналды. Осыған орай біз жеке Түркістан облысын құрдық. Бұл көптен бері ойымда жүрген еді. Осылайша біз үлкен құрылыс бастадық. Мұның бәрі астанамыздың құрылысын еске түсіреді. Енді еліміздің оңтүстігінде тағы бір әдемі шаһар бой көтеріп келеді. Осының барлығы ел игілігі үшін жасалып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік БАҚ өкілдеріне.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауының жұмысы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, Елбасыға туризм индустриясын дамыту, су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жобалар таныстырылды. Қазақстанның  Тұңғыш Президентіне болашақ «Түркістан» халықаралық әуежайының және 600 орындық көпбейінді аурухананың үлгілері көрсетілді.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаевқа облыс орталығында инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың нәтижелері туралы мәлімет ұсынылды. Елбасы журналистер алдында сөйлеген сөзінде Түркістан аумағында қарқын алған құрылыс жұмыстарының ауқымын атап өтті.

– Өткен жылы облыс орталығын көшіру туралы жарлыққа қол қойған соң ауқымды құрылысты бастадық. Бүгін мен орасан зор ғимараттарды аралап көрдім. Көптеген жаңа нысандар бой көтеріп, жастар үшін жұмыс орындары ашылып жатыр. Ауруханалар, мектептер, қонақ үйлер, халықаралық әуежай салынады. Су ресурстарымен қамту саласындағы мәселелерді шешу жоспарланған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті әкімдіктің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы айтты.

– Бір жыл ішінде көптеген жұмыс істелді. Келесі жылы Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшыларын саммитке шақыруды жоспарлап отырмыз. Егер олар қатысуды растаса, біз оны Түркістанда өткізуіміз мүмкін. Бүкіл Қазақстан жұртшылығы Түркістанның дамуын қолдап отыр. Әрбір үй, әрбір қала – бұл Қазақстанның байлығы. Елорданы салған кезде қаржыландыруға байланысты сұрақтар болған еді. Енді Нұр-Сұлтан қаласы барлық шығындарды өтеп, жыл сайын бюджетке триллиондаған кіріс әкеліп отыр, – деді Елбасы.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан мен бүкіл өңірдің туристік әлеуетін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

– Біз мұнда көптеп туристерді тартуымыз керек. Бүкіл түркі әлемі Түркістанды орталық деп санайды. Туризм – экономиканың маңызды бөлігі. Мұнда көптеген мұражайлар бар. Қазір «Күлтөбе қалашығы» археологиялық паркін құру жұмыстары жүргізілуде, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1068901
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Нұр-Сұлтандағы «Жағалау 1 min
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАЖЫЛЫҚ ТА 4 min
Рамазан айында өткізілг 1 sagt
Нұр-Сұлтандағы «Жағалау 1 sagt
Елорданың сусыз қалған 1 sagt
Алматыда жүргізуші куәл 1 sagt
Асқазанның жедел қабын 1 sagt
Азан дауысы туралы шу — 1 sagt
Время - это иллюзия 2 sagt
А.Лукашенко 2020 жылы п 2 sagt
Франциядағы «Сары жейде 2 sagt
Маңғыстауда мас жүргізу 2 sagt
Бангладеште газ құбыры 2 sagt
БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫ 2 sagt
Калифорния штатында аты 2 sagt
Елордада «True or False 2 sagt
Алматыдан 327 шақырым а 2 sagt
Шымбұлақта шаңғы маусым 2 sagt
БҚО-да автокөлік аудары 2 sagt
Елорда полицейлері бейн 3 sagt
Пневмонияның алдын алу 3 sagt
Ақмола облысында ауылға 3 sagt
Ақтөбе облысында ауыл ш 3 sagt
Шаруаларға берілген арн 3 sagt
Қазақстанда 18 қарашада 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Подагра жайлы білесіз 3 sagt
Алматыда «Ел үміті» атт 3 sagt
СҚО-да медициналық көме 4 sagt
Қымбат Жампейісова. Сүй 4 sagt