Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134495800958 %42 %

Сарыағашта ауыл азаматы «Nur Otan» басшыларына асарлатып салған мектепті кеңейтуді ұсынды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 15:00 - 2019/10/31


Сарыағашта ауыл азаматы «Nur Otan» басшыларына асарлатып салған мектепті кеңейтуді ұсынды | DalaNews

Сарыағашта ауыл азаматы «Nur Otan» басшыларына асарлатып салған мектепті кеңейтуді ұсынды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың қатысуымен Түркістан облысының департамент және басқарма басшылары Сарыағаш ауданы тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Жалпы Қоғамдық қабылдау барысында қабылдауға жазылған 15 азамат жеке және аудан көлеміндегі шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселелер бойынша арыз-шағымдарын жеткізді. 4 азаматтың көтерген мәселелері сол сәтте оң шешімін тапты.

Атап айтқанда Кәрімберді Ақмолдаевтың айтуынша, Достық елді мекеніндегі №59 жалпы орта мектебінің ғимараты 1999 жылы ауыл тұрғындарының күшімен асарлатып салынған. 150 балаға арнап салынған мектепте қазір 535 оқушы білім алуда. Мектеп ғимаратының әбден тозығы жеткендіктен, ғимаратын заман талабына сай жаңадан салу қажет. Арызданушы тұрғынға №59 жалпы орта мектебінің ғимаратын жаңадан салу үшін қажетті жер телімі белгіленіп, жобалық-сметалық құжаты мемлекеттік сараптамадан шыққаны айтылды. Бүгінгі таңда мектеп құрылысына 1,148 млн қаржы қарастырылған. Яғни, мектеп жақында салынады.

Лилия Габидулина ауданға өзге мемлекеттен тарихи Отанына қоныс аударған қандастарымыздың азаматтық алуы, құжаттарын белгіленген уақытта ала алмауы өзекті екенін айтты. Бұл өтініш шешімін тауып, облыстық мекеме басшылары тарапынан көмек көрсетілді.

Таңатар Қолдасов жеке меншік мектеп ашу үшін кәсіпкерлер палатасы арқылы агроқаражат ұйымынан несие алуға құжаттарын тапсырған. Бірақ сол мектепке лицензия ала алмай жүр. Бұл тұрғынға аудандық білім бөлімінің ықпалымен «Е-лицензия» базасы арқылы лицензия алу үшін құжаттары рәсімделетін болды.

Аманкелді Белқожа Қабланбек ауылдық округі, Қанағат елді мекеніне табиғи газ қосу мәселесін көтерді. Оған аталған елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары аяқталғаны хабарланды. Өтінішке сәйкес, 172 тұрғын үйді табиғи газға қосу мәселесі 2 апта көлемінде шешілетін болды.

Қоғамдық қабылдау барысында өзге де азаматтардың мәселелері бойынша тиісті департамент және басқарма башсылары мен аудандық бөлім және мекеме басшылары жауап берді. Сондай-ақ, аудан әкімі, аудандық филиал төрағасы Мұхит Отаршиев пен аудан прокуроры Жомарт Нұрғали қабылдауға келген азаматтарға толыққанды заң аясында түсініктемелерін берді. Облыстық филиал төрағасының Бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев көшпелі қоғамдық қабылдау жиынын қорыта келе көтерілген мәселелер партия бақылауында болатынын жеткізді.

Көшпелі қоғамдық қабылдау барысы «Facebook» әлеуметтік желісінде тікелей көрсетіліп, аудандық «Сәт» телеарнасы арқылы түсірілді. Мәселесі оң шешім тапқан азаматтар телеарна арқылы алғыстарын жеткізді.

 

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филталының баспасөз қызметі

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1066534
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Хайуанды қамшымен ғана 6 min
Текелідегі мектепте қай 6 min
Рамазан қарсаңындағы мұ 6 min
Қазақстанның агроөнеркә 6 min
Қостанай облысындағы 30 16 min
Бағдат Манзоровтың ісін 16 min
СҚО полицейлері із-түзс 23 min
Алматы тауында жоғалған 26 min
Қайғы-қасiреттi бастан 26 min
«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ И 26 min
«Хабар 24» арнасының ті 26 min
Тоқаев «CNPC» корпораци 26 min
Елорда әкімдігі мектепт 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Халықаралық додада Ержа 1 sagt
Ақмола облысы мен Оңтүс 1 sagt
БАҚЫТТЫ БОЛУ... Біз сі 1 sagt
Егер сіз тек ақша үшін 1 sagt
Италия Қазақстан эконом 1 sagt
Алматыдан 41 км қашықты 1 sagt
Мадияр Әшкеевке жекпе-ж 1 sagt
Қазақстандық медициналы 1 sagt
ҚР Президенті «CNPC» ба 1 sagt
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТ 1 sagt
«Арманыңнан қалма»: Ерж 1 sagt
«ҚазАгро» холдингінің т 1 sagt
Ақтауда жаңажылдық шырш 1 sagt
Назарбаев әл-Фараби аты 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
14 қарашада Нұр-Сұлтан 1 sagt