Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-17953306341 %59 %

Түркістан облысында нан бағасы көтерілмейді | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 17:45 - 2019/10/30


Түркістан облысында нан бағасы көтерілмейді | DalaNews

Түркістан облысында нан бағасы көтерілмейді

Түркістан облысында 1-сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне жол берілмейді. Өңірде әлеуметтік нан бағасының өсуіне қарсы жүйелі шаралар жүзеге асуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында қаладағы сауда орындары мен наубайхана өкілдерінің қатысуымен «Түркістан» ӘКК АҚ тұрақтандыру қорының шұғыл жиналысы өткізіліп, бағаның көтерілуіне жол бермеу шаралары талқыланды.

Мәселені шешу үшін Қостанай облысынан Түркістан қаласына бидайды арзан бағамен жеткізу туралы келіссөздер жүргізілді.

Осыдан кейін «Ақжол» ЖШС наубайханасымен келісімге қол жеткізілді.

Наубайханада күн сайын 1-сұрыпты ұннан 25 000 дана пісірілген нан өндіріп, Түркістан қаласындағы сұраныстың 80%-ын қамтамасыз етеді.

Облыс әкімдігінде жүйелі жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде арзан бағадағы шикізатпен қамтамасыз етіліп жатқанын атап өтті. Күніне 2 000 дана әлеуметтік нан барлық дүкендерге бөлініп жеткізіледі және 75 теңгеден сатылады. Бұл бүкіл республика бойынша бәсекеге қабілетті бағалардың бірі.

Наубайхана айына 1-сұрыпты ұннан 375 тонна нан шығарады, ол қаладағы 20 сауда нүктесінде сатылады, бұл азық-түлік сататын сауда орындарының жалпы санының 66%-ын құрайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында Түркістан облысының азық-түлік дүкендеріне, әлеуметтік нан өнімдерін шығаратын қайта өңдеу кәсіпорындарына (диірмендер, наубайханалар және т.б.) несие беру мәселесі қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Түркістан» ӘКК АҚ тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу және облыстың базарлары мен сауда нүктелеріндегі бағалардың тұрақтануын қамтамасыз етеді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1066174
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Шымбұлақта шаңғы маусым 2 min
БҚО-да автокөлік аудары 2 min
Елорда полицейлері бейн 12 min
Пневмонияның алдын алу 21 min
Ақмола облысында ауылға 22 min
Ақтөбе облысында ауыл ш 1 sagt
Шаруаларға берілген арн 1 sagt
Қазақстанда 18 қарашада 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Подагра жайлы білесіз 1 sagt
Алматыда «Ел үміті» атт 1 sagt
СҚО-да медициналық көме 1 sagt
Қымбат Жампейісова. Сүй 1 sagt
Долой перфекционизм 1 sagt
Әнел Сақыш бокстан Азия 1 sagt
UFC файтері салмақ өлше 1 sagt
ЕЛОРДАДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕ 2 sagt
17 қараша күні елімізді 2 sagt
Что такое прокрастинаци 2 sagt
АҚШ-та Әбіш Кекілбаевты 2 sagt
Қазақстанның екі өңірін 2 sagt
Димашты Жапониядағы жан 2 sagt
Көкшетауда «ВАЗ 2110» к 2 sagt
Микро-әңгімелер циклы | 2 sagt
Қытайда жер сілкінді 3 sagt
БАС МҮФТИ «ДОН» ҚОРЫМЫН 3 sagt
Қазақстан аумағының бас 3 sagt
Пойыздағы көрпе-төсек д 4 sagt
«Астана Су арнасы» кей 4 sagt
РУСЛАН АХМАҒАНБЕТОВ: « 4 sagt