Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Ұлылыққа тағзым» тарихи-танымдық іс-шарасы өтеді | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 10:30 - 2019/10/30

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/47646


«Ұлылыққа тағзым» тарихи-танымдық іс-шарасы өтеді | DalaNews

«Ұлылыққа тағзым» тарихи-танымдық іс-шарасы өтеді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 31 қазан күні Нұр-Сұлтанда  «Ұлылыққа тағзым» тарихи-танымдық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 31 қазан күні сағат 16:00-де Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алаш қайраткерлері, ұлт ағартушылары Сұлтанбек Қожанұлы, Хайретдин Болғанбай, Асылбек Сейіт, Телжан Шонанұлының 125 жылдығына арналған «Ұлылыққа тағзым» тарихи-танымдық іс-шарасын өткізеді.

Шараның мақсаты ұлт мұраты жолында өлшеусіз еңбек еткен Алаш ардақтылары hәм тарихи ірі тұлғалардың есімін, еңбегін ұлықтау, сол арқылы жас ұрпақты ұлтын, тілін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, таным көкжиегін кеңейту.

Ұлылардың қайраткерлігін, мұраларын көпшілік қауымға насихаттау Елорда жастарының білімін шыңдау әрі рухани қуатын арттыратын болады.

Тарихи-танымдық іс-шара барысында Алаштың аяулы азаматтары туралы бейнесюжеттер көрсетіледі, ұлт тұлғаларын, тарихи жолын зерттеуші ғалымдар ой-пікірлерін ортаға салады, театрландырылған бағдарлама ұсынылмақшы.

Сондай-ақ, қайраткерлердің ұрпақтары, туысқандары аталған шараға арнайы шақырылған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1065911
Пікірлер

Көрші сілтемелер