Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1825179630 %70 %

Асқар Мәмин: "Семейді көркейтуге 260 млрд теңге бөлінеді" | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 15:45 - 2019/10/09


Асқар Мәмин: "Семейді көркейтуге 260 млрд теңге бөлінеді" | DalaNews

Асқар Мәмин: “Семейді көркейтуге 260 млрд теңге бөлінеді”

Шығыс Қазақстан өңіріне жұмыс сапарымен келген Үкіметбасы Асқар Мәмин Семей қаласын көркейтудің 2020-2025 жылдарға арналған даму жоспары қабылданғанын хабарлады.  

Осы жоспарға сәйкес Семей қаласына 260,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады. 

Кешенді жоспар 56 іс-шарадан тұрады. Қаражаттың – 98,5 млрд-ы республикалық бюджеттен, 85,5 млрд-ы жергілікті бюджеттен, 76,1 млрд-ы жеке инвестициялар есебінен бөлінеді.

Инвестициялар жеті негізгі бағытты дамытуға бағытталатын болады:

кәсіпкерлік, АӨК, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы.

Тұрғын үй құрылысына және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 5 жыл ішінде 112,8 млрд.теңге бөлінеді.

Сатып алу құқығынсыз 44 көп қабатты жалгерлік үй, Қарағайлы тұрғын ауданында 89 көп қабатты несиелік үй салынатын болады.

Әлеуметтік саланы дамытуға-47,1 млрд. теңге, оның ішінде білім беруге-14 млрд.теңге (4 мектеп пен 4 балабақша құрылысы), 18 мектепті күрделі жөндеуге және 30 білім беру нысанын жаңа модификациялы кабинеттермен жарақтандыруға бөлінеді.

Денсаулық сақтау саласына – 21,4 млрд.теңге, оның ішінде қаражаттың негізгі бөлігі облыстық онкологиялық диспансердің Радиологиялық орталығының құрылысын аяқтауға, 200 төсек-орынды балалар ауруханасының құрылысын және 80 төсек-орынды емхана мен оңалту стационарының қосымша құрылысын салуға жұмсалады.

Әлеуметтік қорғау саласына 4,1 млрд.теңге бағытталатын болады, оның ішінде полигондағы сынақтардан зардап шеккен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған оңалту орталығының құрылысы (150 төсек-орынға арналған) басты нысан болады. 7,5 млрд.теңге мәдениет және спорт саласына бөлінетін болады, онда инвестиция үшін негізгі бағыттар Приречное ауылындағы мәдениет үйін қайта құру, Қарағайлы тұрғын ауданындағы 300 орындық Мұз модулінің құрылысы болады.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға 33,6 млрд.теңге, атап айтқанда автожолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге (122 км), қоғамдық көлікті жаңартуға (170 бірлік автобус сатып алуға), аспалы көпірді қайта жаңартуға бөлінетін болады.

Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыру 2025 жылға қарай ЖӨӨ көлемін 1,6 есеге (нақты мәнде) немесе номиналды мәнде 300 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 19% – ға артып, 43 млрд теңгені құрайды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 73,6% – дан 95% – ға дейін артады.

“Семей қаласы елдің мәдени және рухани мұрасында және тәуелсіз Қазақстанның тарихында ерекше орын алады. Елбасы Н. Назарбаев осы аймаққа, Семей қаласына ерекше қамқорлық көрсетуде.

Бұған дейін Елбасының тапсырмасы бойынша Семейдің 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданды. Оны іске асыру және басқа да бағдарламалар есебінен соңғы бес жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 38% – ға, ауыл шаруашылығы өнімі – 63% – ға, бөлшек тауар айналымы – 1,6 есе, негізгі капиталға инвестиция-1,4 есе, бюджет көлемі-1,8 есе өсті. Соңғы жылдары халық санының өсуінің оң динамикасы байқалады”, — деді А. Мамин.

Үкімет Басшысы Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуы жөнінде тиісті шаралар қабылдауды, сондай-ақ қаражаттың уақтылы және тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, сапар аясында Мамин қала активімен және Абайдың 175 жылдығын өткізуге дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Премьер-Министр Үкімет халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейлерде 500-ден астам іс-шараларды қамтитын жоспардың орындалуын ерекше бақылауға алатынын атап өтті.

“Елбасы мерейтойды мемлекеттік деңгейде атап өтетінімізді атап өтті. Абай еліне әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді. Сондықтан біздің басты міндетіміз – жоспарланған барлық іс-шараларды ұйымдастыру және лайықты өткізу”, – деді А. Мамин.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылатын “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы мен ИИДМБ жүзеге асырылуын, сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау аясында А. Мамин “СемАз” және “Daewoo Bus Kazakhstan” ЖШС автоқұрастыру кәсіпорындарының қызметімен, ауқымды мәдени-спорттық кешен, сондай-ақ “Қарағайлы” шағын ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты.

На изображении может находиться: 7 человек, люди стоят

Сондай-ақ, Асқар Мамин Өскемен қаласындағы екі жоғары технологиялық медициналық орталық- еліміздегі тұңғыш роботохирургия орталығы мен онкология және хирургия орталығында болды.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов еліміздің Премьер-Министріне өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру нәтижелері туралы айтты, оның аясында үш жыл ішінде облыстың ауруханалары 26 млрд. теңгеге заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған.

На изображении может находиться: 5 человек, люди стоят

Бұл ретте дәрігерлерді заманауи техниканы қолдана отырып емдеудің жаңа әдістеріне үйретуге көп көңіл бөлінеді. Еуропаның жетекші клиникаларында барлығы 276 дәрігер онкология, кардиология, босандыру және балалық шақ, аудандық ауруханалардың бас дәрігерлеріне арналған менеджмент бағыттарында оқытылды. Бұл мақсатқа 3,7 млрд теңге бөлінді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1057689
Пікірлер

Көрші сілтемелер