Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19685218738 %62 %

Нұр-Сұлтанға UNWTO туристік форумының делегаттары келді | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 13:15 - 2019/10/09


Нұр-Сұлтанға UNWTO туристік форумының делегаттары келді | DalaNews

Нұр-Сұлтанға UNWTO туристік форумының делегаттары келді

Нұр-Сұлтанда UNWTO-ның «Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» VIII жаһандық саммиті жұмысын бастады. Ал кеше Елордаға Тайланд пен Өзбекстаннан алғашқы делегаттар келді. Ауқымды шараға 700-ден астам делегат қатысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Меймандардың арасында шетелдік танымал кәсіпкерлер, сәулетшілер, журналистер мен туристік ұйымдардың өкілдері бар.

Бүгін астанаға Бангкок қаласы Тұрақты хатшысының орынбасары Chatchawanit Khachit, Бангкок қаласы стратегия және бағалау департаментінің директоры Сиравсанхан Патан (Тайланд), сондай-ақ, Самарқанд қаласының әкімі Бобурмирзо Облакулов бастаған делегация келді. Қонақтарды қазақы дәстүрмен бауырсақ, қымызбен қарсы алды.

Бүгін Нұр-Сұлтанға негізгі қатысушылар келді, оның ішінде UNWTO бас хатшысы Зураб Пололикашвили де бар.

Жаһандық саммиттің спикері ретінде Pokemon GO ойынының жасаушылары, Куала-Лумпурдің сәулетшілері және тағы басқа қызықты тұлғалар қатысады. Елордада бүгінгі таңда жаңа технологиялар қолданылуда. Мысал ретінде гаджеттерді қуаттауға мүмкіндік беретін жылы аялдамалар, күн батареялары мен велосипедтерге арналған тұрақты келтіруге болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1057587
Пікірлер

Көрші сілтемелер