Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-237823143 %57 %

Мұхтар Тайжан: "Тазабек? Оған кім қолдау көрсетіп жүр?" | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 13:30 - 2019/10/08


Мұхтар Тайжан: "Тазабек? Оған кім қолдау көрсетіп жүр?" | DalaNews

Мұхтар Тайжан: “Тазабек? Оған кім қолдау көрсетіп жүр?”
Зайырлы, демократиялық мемлекет дегеніміз не? Үкімет дінге араласпау керек, рас. Бірақ дін де мемлекеттік мәселелеріне араласпау керек қой!

Біздің мемлекетімізде идеологиялық жұмыс болмағандықтан идеология саласында да бардак боп тұр.

Мысалы, Мұхамеджан Тазабек, дінді Асыл арнаның жетекішісі, неге мемлекеттік органдарға барып – полицияға, әскерлерге, мектептерге, ВУЗдарға – уағыз айтып жүр?

Бұндай мүмкіндік оған кім беріп отыр? Неге ол полицияны бейбіт митингке шыққан халыққа қарсы айдап салуда?

Оған бұндай құқық оған кім берді? Бұндай әрекет нағыз арандатушылық деп білем. Полиция бейбіт шеруге шыққан халыққа күш жұмсамау керек. Бейбіт митинг-шеруді өткізу – ол халықтың Конституциялық құқығы.

Негізі діншілер саясатқа араласатын болса түбі Қазақстанды халифатқа айналдыру мүмкін. Сауд арабия, Афғанстан, Сирия секілді елдерге айналамыз. Бұған дайынсыңдар ма? Түбі сөзсіз өте қанды соғыз болады. Бізге Шариғат әлде демократия керек пе? Таңдау жасауымыз қажет, себебі бұл бір біріне 100% қарама қайшы құбылыстар.

Бүгінгі күндерді репрессия дейміз, ал сол кезде қанды террор басталады. Адамдардың бастары мен қолдарын шабу, әйелдерді таспен өлтіру, тб. Өйткені халифат Шариғат заңымен өмір сүреді. Еліміз өте қараңғы елге айналады. Сондықтан біз зайырлы мемлекетті сақтап қалуымыз жөн.

Мемлекет дін мәселелеріне, дін – мемлекет мәселелеріне араласпау керек. Дін – адамның жеке шаруасы, құқы. Зайырлы мемлекетіміз деген осы. Алашорда қайраткерлері зайырлы мемлекетке зар болды. Біз де бұндай ұстанымында қалуымыз керек.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1057115
Пікірлер

Көрші сілтемелер