Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1825179630 %70 %

Берік Әбдіғали: "Қазақтар құндылықсыз бос кеңістікте отыр" | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 22:00 - 2019/10/07


Берік Әбдіғали: "Қазақтар құндылықсыз бос кеңістікте отыр" | DalaNews

Берік Әбдіғали: “Қазақтар құндылықсыз бос кеңістікте отыр”

«Қазақстанның әрбір аудан-қаласын қайыршылық белдеуі қоршап жатыр» деген еді Берік Әбдіғалиев осыдан 12 жыл бұрын «Қазақ миссиясы» деген еңбегінде.

Осы бір құнды дүниенің тұтастай болмаса да, біршама бөлігін жариялап отырмыз.
Қазіргі көзбояушы стратегиялар мен жолдаулар «Қазақ миссиясының» етегінен ұстауға да жарамайды екен.
Бірақ… «Қазақ миссиясы» орындалған жоқ.

Ал Берік Әбдіғалиев бүгін Ұлытау ауданының әкімі боп тағайындалды. Ол енді «Қазақ миссиясына» қайтып орала ма, жоқ па белгісіз…

Қазақстандағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, оның бүгіні мен ертеңі мемлекет құрушы ұлт  қазақтардың даму деңгейіне тәуелді.

Тек қазақ миссиясы – қазақтардың жаңа ұлттық иденттілігі («ерекшеленуі»), бұл қауіптен құтқара алады.

Біздің армандағанымыз мүлде басқа Қазақстан болатын. Біз үркердей ғана байлар мен ішер ас, киер киімге жарымаған миллиондаған адамның арасындағы айырма жер мен көктей елде емес, кедей-кепшігі жоқ, жемқорлықтан ада, ең басты қажеттіліктері – жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздікте өмір сүріп, бала-шағасының болашағына алаңдамайтын елді көкседік.

Біз армандаған Қазақстанда демократия мен әділдік идеялары салтанат құрып, әділ де жауапкершілігі мол мемлекеттік қызметкерлер ел мүддесіне қызмет етіп жүруі тиіс еді.

Алайда бүгінде билік пен халық арасындағы ара-жік ұлғайып барады.

Бұл күнде билік тұрақтылықтың кепілі емес.

Ересен табиғат байлығының қомақты бөлігі биліктің қомағай пендәуи материалдық қажеттілігін қанағаттандыруға ысырап болып жатыр.

Көпшілігі қалың көпшіліктің ортасынан шыққан бұл «элита» аяқ астынан көктен түскен шетсіз-шексіз байлыққа басы айналып, қолға түскен жылтырақ атаулыны мақтан үшін қарпып қалуға тырысуда. Олардікі – көрсеқызарлық пен хайуани көрсоқырлық.

Қазақ халқының түрлі әлеуметтік топтары өзгерген әлеуметтік-экономикалық кеңістікте өздерінің әлеуметтік рөлі қандай екенін бажайлай алмай, аңырайып қалды.

Қазақтар құндылықсыз бос кеңістікте отыр.

Мәдени элитаның үлкен бөлігі бір жағынан бизнес құрылымдарымен біте қайнасқан коррупцияға батқан мемлекеттік бюрократияның есігіндегі қызметшісіне айналса, екінші жағынан сол бюрократияға жапсырылған оның өз бөлшегіне айналды.

Қазақтың зиялы қауымы ұлттың рухани тағдырына, темірқазық болар құндылықтарын анықтауға байланысты басты міндеттерін орындап отырған жоқ. Демек, олар ұлттың Ар-намысы деген атқа да лайық емес деп айтуға мәжбүрміз.

Қазақтардың көпшілігі тек ана тіліне деген сүйіспеншілігін шексіз жырлап, оған қарсы тұрған жауларды іздейтін көзбояушылықты қажет етпейді. Тек қазір ғана қазақтар «қазақ ұлттық идеясы» деп ұсынған идеялардың шын мәнісінде билік элитасының қарнын тойдыратын құралға айналып кеткенін түсіне бастады, ондай элитаның мүддесі халықтың шын мүддесімен қабыспайтынын енді аңғарды.

Халық жан-жақты дамуға мүмкіндік алған жоқ, оның орнына биліктегі үркердей топ билік, табиғат және экономика ресурстарын оңды-солды пайдалануға шексіз мүмкіндік алды.

Соның салдарынан біз тіпті біреулер ойлап жүргендей, этнократиялық мемлекетке емес, бүкіл қоғамның, соның ішінде қазақ халқының да мүдделерімен қабыспайтын, өзінің топтық мүдделерімен ғана шектеліп қалған «этникалық корпорацияға» айналдық.

Элита мемлекетті оп-оңай жекешелендіріп алды да, оны өзінің ас ішіп, аяқ босатар орнына айналдырды.

Мемлекеттің ұлттық саясатында нақтылық жоқ, өйткені ұлттық процестердің басты субъектісі – қазақ халқы көрсетілмеген.

Қазақстанның әрбір қаласын қайыршылық белдеуі қоршап жатыр. Алматы маңында 300 үйдің қиратылуы көп нәрсенің бетін ашты.

Қазақстандағы этникалық топтардың санасында да өзгеріс жасалуы керек.

Ең негізгісі – қазақ халқының ішкі дағдарысына мән бермеу ақыр аяғы елдегі тұрақтылықтың бұзылуына ұшыратып тынатынын түсіну.

Элита ұсынған «Қазақстан – 2030» және басқа да идеологиялық ұрандар халыққа беретін еш нәрсесі жоқтығын, бұл екеуінің жолы қиыспайтын екі бөтен әлем екенін мойындайтын кез жетті.

Дағдарыстың пайда болып, ушыға түсуінің барлық алғышарттарын өзі жасап бергенін билік мойындауы тиіс.

Билік қоғамдағы тұрақтылық сияқты иллюзиямен өзін де, өзгені де жұбатуды доғаруы керек, өйткені үстіне шығып билесең де қыңқ демейтін қоғам жасаған биліктің – өзі. Мұндай халық неше жылдан бері жиналған проблемаларды мәдениетті түрде шешеді деп үміт ету қиын.

Қазақ ішіндегі және ұлтаралық қарым-қатынастағы психологиялык ахуал қиындап барады. Жағдай шиеленісе берсе, жақын болашақта қоғамның ең кедей бөлігінің шыдамы ұзаққа бармайды, оның шарт үзілуі мүмкін.

Жүздеген мың адам өз Отанында өгей баланың күнін кешіп отыр. Мұның әлеуметтік зардабы тым таяу арада көрінуі ықтимал.

Ең басты қауіп, мұндай жағдайда этникалық ынтымақ пайда болатындықтан, қазақтардың  лақ етіп төгілген ашу-ызасы ессіз тобыр түрінде ең алдымен, басқа ұлттардың өкілдеріне соққы беруі мүмкін.

Игіліктен мақұрым қалған қазақ бұқарасының проблемаларын шешу тез арада әрі батыл түрде қолға алынбаса, сан түрлі ұлтаралық жанжалдардан көз аша алмай қалатынымыз анық.

Түптің түбінде қазақтың проблемасы сыртқа тебеді, сөйтіп жалпыхалықтық сипат алады. Өйткені бүгінде қазақтар демографиялық көпшілікке айналды. Бәлендей қауіп жоқ, бәрі өздігінен шешіліп, орнына келеді деп ойлайтын адам қатты қателеседі. Ертең бәрі кеш болады.

Қазақтар мемлекетшіл болуы керек, жауапкершілікті басқарушы билікке, «элитаға» аудармауы тиіс. Бұл топ қаншалық «мемлекетшіл» екенін істе көрсетіп болды.

Бүгінде «қазақ мәселесі» туралы сөз қозғау сәнге айналды. Қазақтың дамуының өткір проблемаларын көтеретін ғалымдар мен жазушылар көбейді. Өкініштісі, шынтуайтында, олар көбіне қазақтың жанды жеріне ши жүгіртіп, өткен үшін қарымта қайтаруға шақырумен, сөйтіп қазақтың бойында әлеуметтік-мәдени және психологиялық дағдыны қалыптастырумен айналысып жүр.

Көпшілікті азшылықтан қорғайтын әлде бір институционалды шарттар жасау  елдегі этносаяси ахуалды түзеп, қазақтың психологиялық сана-сезімін сауықтыра алмайды. Оның емі – қоғамның ұлттық жақындасуы ісіндегі қазақтардың шынайы рөлі туралы түсінігін қалыптастыру.

Қазақ тілінің таралуын кеңейту стратегиясын жасап, оның негізгі кезеңдері мен уақытын белгілеу қажет.

Аға буынды қазақ тілін меңгеруге мәжбүрлеудің тиімсіздігін мойындаған дұрыс. Бірақ олар жалпыұлттық интеграция үшін балалары мен немерелерінің мемлекеттік тілді меңгеруін қолдауы керек.

 

Қоғамның қазақ емес бөлігі тарихты қайта қарау мен көше, елді мекен аттарын өзгертуді орысқа қарсы жасалып отырған әрекет деп қабылдамағаны жөн. Бұл процесс – бір кезде өзін танып, өткенін зерттемек болғаны үшін қатаң жазаға ұшыраған қазақтың өзіндік «менін» қайта қалыптастыру жолындағы табиғи іс-әрекеті. Сондықтан да бұл арада орынсыз сөгу емес, өзара түсінісу қажет.

Қазақстан патриотизмінің қалыптасуындағы проблема – билік оны қазақтан тыс нәрсе сияқты «жоғарыдан» сіңіргісі келеді. Қазақстан патриотизмі қазақ патриотизміне негізделуі тиіс.

 

Өзге ұлыстардың алдында қазақтың беделі биіктесе ғана олар қазақтың тарихын, тілін білуге ниет білдіріп, Қазақстанда өмір сүріп жатқанына мақтанатын болады.

Мемлекеттік органдар мен қоғамдық-саяси күштер Ұлттық интеграция стратегиясын жасауы керек, оның орталық пункті жаңа қазақи иденттілік пен Қазақстан патриотизмін қалыптастыру идеясы болуы тиіс.

 

Жаңа қазақи иденттілікті қалыптастыру үшін әлеуметтік жауапкершілікті көтере алатын жаңа элита, зиялы қауым керек.

Қазақ ұлтының жаны мен тәнінде жүріп жатқан саяси ішкі процестер «қазақ миссиясының» негізгі детерминанты болады. Бұл ескерілмеген жағдайда ұлт, ұлттың Рухы азып-тозады, нәтижесінде Қазақстан қоғамының басым бөлігі моральдық күйзеліске ұшырайды.

P.S. Берік Әбдіғалиев қазір Ұлттық кеңеске мүше. Ол енді «Қазақ миссиясына» қайтып орала ма, жоқ па белгісіз.
Оралса Тоқаевтың алдында өзінің осыдан 12 жыл бұрынғы ұсыныстарын қайталауы қажет-ақ!

Думан Бықайдың фейсбук парақшасынан

 

Тағы оқыңыз: 

Осыдан 10 жыл бұрын Якутия тәуелсіздіктен айырылды. Қалай? Неге?…

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1056922
Пікірлер

Көрші сілтемелер