Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23000 %100 %

Баталов "100 мың долларымды қайда құям?" деген кәсіпкерге жауап берді | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 18:00 - 2019/10/07


Баталов "100 мың долларымды қайда құям?" деген кәсіпкерге жауап берді | DalaNews

Баталов “100 мың долларымды қайда құям?” деген кәсіпкерге жауап берді

Талдықорғанда өткен Jetisy Invest-2019 форумында қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер бас қосып, өңірдегі инвестициялық ахуалды талқылады.

2014 жылдан бері ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту жөнінен Алматы облысы алда келеді. 2014-2016 жылдардың аралығында облыстағы ішкі инвестиция 27 пайызға өскен (2016 жылы 477 млрд теңге). 

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шикізаттық емес шетелдік инвестициялар тарту жағынан көш бастаған. Өткен жылы өңірге шамамен 77 млрд теңге инвестиция тартылған. Шикізаттық емес инвестиция көлемі облыста осымен үшінші жыл қатарынан 20 пайызға өсіп отыр.

Шараның шымылдығын түрген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірге инвестор тартудың табысты жолдарын айтып берді. 

“Инвестордың тілін табу үшін іскерлік форматты ұстану қажет” деді өңір басшысы. 

Форумда ешкім күтпеген тосын жағдай болды. Сахнадағы сарапшының сөзін бөліп, ортаға шыққан талдықорғандық Талғат есімді кәсіпкер ә дегенде жиындағы жұртты абдыратып тастады.

Кәсіпкердің айтуынша өңірде ірі инвесторға көп көңіл бөлініп, шағын бизнес шеттеп қалуда. 

“Бұл шарада көбінесе ірі инвесторларға сөз берілуде. Ірінің аты ірі ғой. Мұндай бизнестің ауқымы кең, мүмкіндігі мол, тиісінше табысы да толайым. Ал шағын кәсіпкерлерге нендей жағдай жасаудасыздар? Дәл қазір менің қолымда 100 мың доллар бар. Ірі инвесторге бұл қаржы мардымсыз көрінуі мүмкін, біз үшін (шағын кәсіпкерлер үшін) қомақты ақша. Осы қаражатты қайда бағыттап, қайда инвестициялай аламын?” – деген кәсіпкер сауалын облыс әкіміне тікелей қойды. 

Алайда Амандық Баталов сасқан жоқ. Форумға делегат ретінде қатысқан кәсіпкерге егжей-тегжейлі жауап берді. 

“Айналайын атың кім? Талғат? Түсінікті. Бізде ірі инвестордан бөлек, шағын және орта кәсіппен айналысатын 123 мың кәсіпкер бар. Өңірдегі шағын-орта кәсіптің үлесі соңғы жылдары 11 пайыздан 34 пайызға дейін өсті. Шағын кәсіпкерлер қолдауға кенде емес.

Шағын кәсіпкерлерді қолдауға 6 пайызбен 6 млрд теңгеден аса қаржы бөлдік. Алыңыз, пайдаланыңыз! Жер алып, құрылыс салғыңыз келсе, конкурсқа қатысыңыз. Есігіміз ашық. 

Былтырғы жылы шағын және орта бизнестің есебінен облыста 35 мың жұмыс орны құрылды. Өткен жылды “100 шағын және орта бизнес нысандары ашылатын” жыл деп атадық. Шағын – орта бизнестің арқасында облыстың жеке табысы 220 млрд теңгеге дейін өсті. 

Сіздің кез-келген сауалыңызға жауап бере аламын. Шағын бизнесті қолдауға екі білегімді түріп мына менің өзім араластым. Кәсіпкерлерге қолдау жоқ дегеніңіз, негізсіз. Одан да барып орныңызға отырыңыз. Бұл шарада сіздерге қажетті әлі талай мәлімет беріледі”, – деді облыс әкімі. 

Жиын соңында Баталов арыз айтып келген кәсіпкердің мәселесін шешуді тиісті басқарма басшыларына тапсырды. 

 

 

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1056842
Пікірлер

Көрші сілтемелер