Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1613940633 %67 %

Алтай – қазақ руханияттың діңгегі | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 11:45 - 2019/09/11


Алтай – қазақ руханияттың діңгегі | DalaNews

Алтай – қазақ руханияттың діңгегі

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Алтай –түркі әлемінің алтын бесігі»атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Осындай атаумен айтулы шара өңірде биыл 5-ші рет өткізіліп отыр. Шараға Түркия,Франция,Корея,Үндістан елдерінен ғалымдар қатысты.

Жалпы аймақта 2018-2021 жылдар аралығында  археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы қолға алынған.

Бұл  ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тарихын зерттеу және Қазақстанның мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында қолға алынған.

Алтай – көшпенділердің технологиялық дамуына және түркі әлемінің қалыптасуына негіз болған Еуразия өркениетінің діңгегі. Сондықтан да  халықаралық деңгейдегі конференцияның дәстүрлі түрде Шығыста өткізілу бекер емес.

Жалпы, биыл бағдарлама барысында  отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен  қазақ ұлтының мәдениетін, өзіндік ұлттық кодын сақтау мақсатында қолға алынған шараларды оңтайлы шешу көзделген.

Конференция барысында  ел және шетелдік меймандар өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ортаға салды. Түптеп келгенде ауқымды шараның діттегені – халықарылық ғылыми қауымдастықты өңірдің археологиялық әлеуетімен таныстыруға негізделген.

Республика бойынша өңірдегі 13 қасиетті жер Қазақстанның киелі нысандарының тізіміне еніп отыр.

Сондай-ақ, конференция қонақтары «Үржар ханшайымы» және танымал археологтар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев жүргізген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде табылған «Алтын адам» археологиялық реконструкция көрмесімен танысты.

Әсіресе, меймандарды  Елеке сазы және Шілікті қорымдары, қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы көрмесі қызықтырды. Елге есімдері мәшһүр суретші Е. Садырбаев пен мүсінші Ю.Костанянцтың жұмыстары қойылған көрмені тамашалауға көпшілік ынта білдірді. Конференцияның ашылу салтанатында алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова:

– Шығыс Қазақстан Елбасы мақаласына алғашқылардың бірі болып белсенділік танытқанын, 2016 жылдан бері жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде  Шығыс өңірінде  25000 астам артефактар табылғанын, мұндай сенсациялық жаңалықтар ежелгі мәдениетті ғылыми тұрғыда зерттеуге мүмкіндік туғызды, – деп атап өтті.

Сонымен қатар «Алтай – Тарбағатай қола дәуірінен ерте орта ғасырға дейін» ғылыми жобасының жетекшісі, танымал археолог Зейнолла Самашев өз баяндамасында Елеке сазында жүрзілген зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне тоқталып, ежелгі сақ дәуірінің мәдениеті туралы айтып өтті. Шара барысында қонақтар назарына  Шығыс Қазақстан облысындағы археологиялық  зерттеулердің нәтижелері турасында жасалған фильмдер ұсынылды. Шет елдік ғалымдардың қатысумен ашық дәрістер оқылды.

Әсем ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ, Өскемен қаласы

 

Тағы оқыңыз:

Алакөлге келген туристер саны 750 мыңға жетті

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1046507
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 10 min
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 20 min
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 1 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 1 sagt
Самбодан Азия чемпионат 2 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 2 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 2 sagt
Оралда қос автокөлік со 2 sagt
Кубада бензин тапшылығы 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 2 sagt
Менің жазғы демалысым 2 sagt
Оралда қос автокөлік тү 2 sagt
Шамалғандағы апат бойын 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Апаттан зардап шеккенде 3 sagt
Хабарландыру! – S 3 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 3 sagt
Футболдан кезекті қайыр 3 sagt
Шамалғандағы апат болға 3 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Бішкекте барысты қорғау 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Иран әйелдері футбол та 4 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
А каков твой намаз?! | 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt