Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-02-191801467141 %59 %
2020-02-201732507145 %55 %
2020-02-2129569654 %46 %

Талдықорғанда алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығы ашылды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 10:15 - 2019/09/10


Талдықорғанда алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығы ашылды | DalaNews

Талдықорғанда алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығы ашылды

Талдықорған қаласында Алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығы іске қосылды. Жаңа шағын аудандардың тұрғындары, яғни 16 мың адам мұнда барлық қажетті медициналық көмек түрлерін ала алады.  Орталық бір ауысымда 320 адамды қабылдауға лайықталған, – Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Медициналық мекеме заман талабына сай құралдармен толық жабдықталған,  триаж-жүйесі енгізілген. Мұнда 68 білікті маман медициналық қызмет көрсетеді, ондағы 20 дәрігердің 11-і – жоғары санатты.

Бір салаға маманданғандар арасында педиатр-консультант, невропатолог, кардиолог, хирург, травматолог, отоларинголог, эндокринолог, акушер-гинеколог, офтальмолог, УЗИ-диагностика дәрігері, психолог бар.

Атап өтсек, мұндай орталықтар жуық арада қаланың басқа да шағын аудандарында, коттеджді қалашықта ашылатын болады.

Жалпы Алматы облысында 806 медициналық мекеме, оларда 5 мыңдай дәрігер медициналық қызмет көрсетеді. Алғашқы медико-санитарлық көмекті дамыту мен жаңғырту – жұмыстың басты бағыттарының бірі.  Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында биылғы жылы Алматы облысында 11 нысан салу жоспарланған: 9 дәрігерлік амбулатория, Райымбек және Кербұлақ аудандарында бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын 2 емхана пайдалануға беріледі. Сарқан аудандық орталық аурухана мен Шелек ауылындағы орталық аудандық ауруханада жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында емхананың құрылысы басталды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Ескелді, Көксу аудандарындағы орталық аудандық ауруханаларды күрделі жөндеу жоспарланған.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1045980
Пікірлер

Көрші сілтемелер