Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21667272339 %61 %

Өмірзақ Шөкеев Арыстағы құрылыстардың сапалы, әрі уақытында аяқталуы тиіс екенін айтты | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 09:45 - 2019/09/10


Өмірзақ Шөкеев Арыстағы құрылыстардың сапалы, әрі уақытында аяқталуы тиіс екенін айтты | DalaNews

Өмірзақ Шөкеев Арыстағы құрылыстардың сапалы, әрі уақытында аяқталуы тиіс екенін айтты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Арыс қаласында қаланы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша аппараттық жиын өтті.

Басқосуға еліміздің барлық облыстарынан келген Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына жауапты өкілдері, Түркістан облыстық басқарма басшылары мен аудандық әкімдік мамандары қатысты.

Жиында Арыс қаласындағы тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары мен тұрғындарға көрсетіліп жатқан көмектің жай-күйі талқыланғанын айта кетуіміз керек.

Облыс басшысы барлық құрылыс нысандарының дер кезінде аяқталуын тапсырып, құрылыс сапасына баса назар аудару керектігін қадап айтты. Басқосуда сөз алған құрылысшылар жұмысқа кедергі келтіріп жатқан бірқатар мәселелерді сөз етті.

Құрылыс жұмыстарын жүргізушілердің айтынша, Арыстағы бірнеше үй иелері сараптау қорытындысымен келіспеген. Тұрғындар үйлерін күрделі жөндеудің орнына түгел сүріп тастауды талап етіп жатқанын жеткізді. Мұндай азаматтарға алдын ала ескертулер жасалған.

Сондай- ақ, құжаттарды заңдастыруға қатысты бірқатар қиыншылықтар да белгілеген мерзімнен кешігуге әсер етіп жатқанын жауапты азаматтар алға тартты.

Мәселенің мән-жайына қаныққан Өмірзақ Естайұлы барлық сектор жауаптыларына құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімін белгіленген кестеден кешіктірмеуді және орын алған кемшіліктерді жеке-жеке қарап, тұрғын үй иелерінің өтініштерін ескере отырып шешуді тапсырды.

Жиында Түркістан облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметов Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жайында баяндама жасады.

– Жалпы Арыс қаласында 8637 тұрғын үй нысаны орналасқан. Оның ішінде – жеке тұрғын үй – 8534, көп қабатты тұрғын үйлер – 103. Жөндеуді қажет ететіні – 7 164 нысан бар. Қалпына келтіруге жатпайтын – 470 нысанды құрайды. Ағымдағы жылдың 6 қыркүйектегі жағдайға 7149 – тұрғын және көпқабатты үйлерде құрылыс жұмыстары аяқталыып, оның ішінде 189 құрылыстары ішкі әрлеусіз аяқталған. Ал, қалған 15 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 10 нысан бойынша меншік иелерінің келіспеуінен құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Қалпына келтіру жұмыстарына 144 – құрылыс компаниялары, 4 248 – жұмысшылар, 215 – арнайы техникалар тартылған, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Арыс қаласы бойынша автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу 13 аймақ жоспарланған. Бүгінде жалпы 62 көшенің 37 көшесі аяқталған. Қалған 25 көшесінде жұмыстар жүргізілуде. 16 көшесінде аяқжол салу жұмыстары аяқталып, жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ал 6 көшесінде жарықтандыру жұмыстары жалғасуда. Жоғарыда аталған көшелер қыркүйек айында толық аяқталмақшы.

Жалпы бүгінгі күнге Арыс қаласында 543 коммерциялық нысан бар. Оның ішінде 509 нысанға залал келтірілген, ал 12 нысан толығымен жойылған. Арыс қаласында жалпы 68 әлеуметтік нысан жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде 4 жана құрылыс, 64 қалпына келтіру жұмыстары жүруде.

Білім беру нысандары – 53, денсаулық сақтау – 8, спорт нысандары – 4, қоғамдық орындар – 3, Ағымдағы жылдың 6 қыркүйектегі жағдайға 62 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Қалған 6 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жиыннан соң Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап шығып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1045968
Пікірлер

Көрші сілтемелер