Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1613940633 %67 %

Тоқаев биліктің басты кемшілігін айтты | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 12:45 - 2019/09/06


Тоқаев биліктің басты кемшілігін айтты | DalaNews

Тоқаев биліктің басты кемшілігін айтты

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды “жерді ешкімге бермейміз” деп сендірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылады немесе шетелдің 55 ескі зауыты көшіріледі, мыңдаған шетелдік жұмысшылар тартылады деген қауесет тарады. Біздің халық мұндай нәрселерге алданып қалмауы керек. Мұндай қауесеттер елдің патриоттық көңіл-күйлерін шебер басқаратын, сонымен қатар эмоционалды, үрейлі адамдарды өздерінің нақты мақсаттарына жету үшін пайдаланатын зұлым адамдардан шығады, – деді ол.

Президент “біз жерді ешкімге бермейміз” деп тағы бір мәрте қайталады.

– Мұндай айла-шарғылардың геосаясаттың бір бөлігі екенін түсіну керек, оның мақсаты халықтың бірлігін бұзу, Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру болып табылады. Біздің халқымыз дана, өз ақылымен өмір сүре алады. Биліктің міндеті қоғаммен сөйлесу, мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру – осы жұмысты біз үнемі нашар жүргіземіз. Ортақ пікірлер мен ұсыныстарды тыңдап, құрметтеу керек. Мен тағы да біз жерді ешкімге бермейміз, және біз әрқашан халықтың тыңдаймыз деп қайталаймын, – деп сендірді Тоқаев.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елде масылдыққа жол берілмейтінін жеткізді.

Қазақстан – президенттік басқару формасы бар мемлекет болып қала беруі керек деп ойлаймын, бірақ Парламент саяси жүйеде өзінің лайықты орнын алуы керек.

Саяси бәсекелестікке серпін беріп, азаматтардың елдің саяси өміріне нақты қатысуын кеңейтетін және көппартиялы жүйенің дамуына ықпал ететін кез келді.

Мемлекет өз азаматтарын тыңдауға міндетті, бастысы – халықтың үнін естуі керек. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалпына келтіру керек. Ұлттық экономика барлық азаматтарымыздың әл-ауқатын нақты арттыру үшін жұмыс істеуі тиіс.

Масылдық пиғылдың орын алуына жол берілмейді. Өкінішке қарай, бұл кесел ұлттық мінез-құлқымызға кері әсерін тигізуде.

Бүкіл қоғам болып жұртшылықты еңбекке баулуға тиіспіз. Табысты жұмыс істегені үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек. Бұл – мемлекеттің міндеті.

Тағы оқыңыз:

Жетісуда Нұрғиса атын иемденген күн стансасы іске қосылды

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1043947
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 10 min
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 20 min
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 1 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 1 sagt
Самбодан Азия чемпионат 2 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 2 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 2 sagt
Оралда қос автокөлік со 2 sagt
Кубада бензин тапшылығы 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 2 sagt
Менің жазғы демалысым 2 sagt
Оралда қос автокөлік тү 2 sagt
Шамалғандағы апат бойын 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Апаттан зардап шеккенде 3 sagt
Хабарландыру! – S 3 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 3 sagt
Футболдан кезекті қайыр 3 sagt
Шамалғандағы апат болға 3 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Бішкекте барысты қорғау 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Иран әйелдері футбол та 4 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
А каков твой намаз?! | 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt