Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2211539944 %56 %

Павлодарлық оқушы Абайдың 140 өлеңін жатқа біледі | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 15:45 - 2019/09/05


Павлодарлық оқушы Абайдың 140 өлеңін жатқа біледі | DalaNews

Павлодарлық оқушы Абайдың 140 өлеңін жатқа біледі

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Павлодар қаласында мектеп оқушыларына ақынның өлеңдері мен қара сөздері арқылы дәріс өтуде. 

Алғашқы дәріс Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте өтті. 11 қыркүйекке дейін шаһардағы 30-ға жуық қазақ мектептерінде де ұйымдастыру жоспарланған. Дәрісті белгілі абайтанушы, жыршы Даниял Әсенов жүргізуде.

– Қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» жобасын бастадық, – деді Даниял Әсенов. – Жоба барысында Абай дәрісі өтеді. Бұнда мен өзім бір сөз қоспай, тек Абайдың сөздерін жеткіземін.

Мақсатымыз – Абай Құнанбаев шығармашылығы туралы оқушылардың білімін кеңейту, ақынның лирикалық өлеңдері мен қара сөздерін таныстыру, туған халқының тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Осы оқу жылымен, Абай жылы басталып кетті. Мен 25 жылдан бері Абайды насихаттап келе жатырмын. Былтыр «Ауылға Абай келді» деген жоба өткіздік. 50-ге жуық ауылға бардым. Тұрғындар Абайды көргендей қуанып жатты. Кеңес кезінде Абай аз насихатталды. Қара сөздері оқылмады. Бір-екі өлеңі ғана таралатын. Қазір жастардың көбі Абайдың өлеңін айтқан кезде қуанып қаламын.

Дәріс барысында белгілі жыршы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып, өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқыды.

Ақынның 17-ші қара сөзін оқып, оқушыларға ақыл мен қайратты жылы жүрекке бағындыруға кеңес берді.

Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Бақберген Дауан (жоғарыда суретте) Абайдың 140-тан астам өлеңін жатқа біледі.

– Ұлы ақынның өлеңдерін 1-сыныптан бері жаттап келемін, – деді Бақберген Дауан. – Өлеңдері, поэмалары мен қара сөздерінен 140-тан астам туындыны жаттадым. Абай атамыздың сөздері, айтқан өсиеттері өмірде өз пайдама жарап жатады. Сөздеріне құлақ асып, іс жасаймын. Бүгін Даниял ағамыздың келіп, қатарластарыма осындай дәріс өткізіп жатқанына ризамын.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Бекмурзинова білім ордасында Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай өзге де шаралар атқарылып жатқанын айтты.

– Мектебімізде ақынға арналған сынып сағаттары өтуде, – деді Гаухар Бекмурзинова. – Осы айда мектепшілік Абай оқуларын өткізу жоспарланған. Оған 20-ға жуық оқушы дайындалып жүр. Сондай-ақ президентіміз қостаған Абай өлеңдерін оқу челленджіне 5 педагогымыз бен 20-ға жуық оқушымыз қатысты. Оған шәкірттеріміз әлі де қатысатын болады.

Тағы оқыңыз:

Жеңіс Қасымбек: “Қытай зауыттары? 20 мың жұмыс орны құрылады”

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1043554
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Павлодарда полицей асыл 4 min
Семейде Әмина Өмірзақов 5 min
Ақтөбе облысында жетінш 14 min
Ковалев пен Альварес ал 24 min
"Астана" "Манчестер Юна 1 sagt
Рамазан қарсаңында меші 1 sagt
Интернет жұлдызы тікеле 1 sagt
Қытайдың ең бай адамы Т 1 sagt
РАМАЗАН – МҮМКІНДІК АЙЫ 1 sagt
Түркістанда Open Space 1 sagt
Жеңіс Қасымбек Қарағанд 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
UFC чемпионы ұйым басшы 2 sagt
Елордада Тіл туралы заң 2 sagt
Рысқалиевтер ісі: Мемле 2 sagt
Әблязов қорқып отыр - Б 2 sagt
Ақтөбеде жолақысын карт 2 sagt
Ұстаздарды артық жұмыст 2 sagt
Парижде үкіметке қарсы 2 sagt
Атырау облысы Қазақстан 3 sagt
Тағы бір қазақстандық с 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 3 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 3 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 3 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 3 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 3 sagt
Министр Риддердегі спор 4 sagt