Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-189343834 %66 %

Нұртөре Жүсіп Сенат депутаты болып тағайындалды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 20:45 - 2019/08/12


Нұртөре Жүсіп Сенат депутаты болып тағайындалды | DalaNews

Нұртөре Жүсіп Сенат депутаты болып тағайындалды

Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп пен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.

1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған. Нұртөре Байтілесұлы (1984) жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолының алғашқы баспалдағы Павлодар облыстық қазіргі Сары арқа самалы бұрынғы Қызыл ту газетінің агроөндірістік бөлімінің тілші болып бастаған. Осы газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. (1990-1996) жылдар аралығында Республикалық Егемен Қазақстан газетінің Экономика бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болды.

(1996) жылдың мамыр айынан бастап (2002) жылдың сәуір айына дейін республикалық Жас Алаш газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Нұртөре Жүсіп басшылық еткен осы кезең ішінде газет Алтын жұлдыз – 2000 сыйлығына ие болды. Нұртөре Жүсіп «Ақ жол Қазақстан», «Астана хабары» газеттерінің бас редакторы, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас директоры болды.

(2008) жылдан бері республикалық Айқын газетінің директоры-бас редактор.

Нұртөре Жүсіп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің, Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, Президент сыйлығының және Қазақстан журналистер одағының, Б. Бұлқышев, С. Садуақасов атындағы сыйлықтардың иегері.

ҚР Журналистер академиясының және Гуманитарлық академияның мүшесі. Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері атақтары бар. (Халықаралық ПЕН-клубтың вице-президенті), (Қазақстан МЕДИА-АЛЬЯНС ұйымы) төрағасының бірінші орынбасары. Қазақстан Президенті жанындағы Рухани жаңғыру жөніндегі Ұлттық комиссияның және Мемлекеттік рәміздер жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Үкіметі жанындағы Онамастика жөніндегі республикалық комиссияның, “Нұр Отан”партиясы Алматы қалалық филиалы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Құрмет орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2000) медальдарымен, «Тіл жанашыры» төсбелгісімен марапатталған.

(2014) жылы «Халықтың сүйіктісі» атты республикалық конкурстың «Ең өткір публицист» номинациясының жеңімпазы. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Құрметті азаматы.

«Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақтың қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006), «Тәуелсіздік лебі: ел мен жер», «Мың құмырсқа және біз» атты публицистикалық жинақтың авторы. 

 

Дереккөз: Айқын 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1033572
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Хоккей: «Барыс» Швейцар 11 min
Францияда егіздерге арн 29 min
Пара алған Қызылжар орм 1 sagt
Аманқос Ершуов | Әдеби 2 sagt
Тағы бір қазақстандық G 2 sagt
Украинада өртенген қона 2 sagt
Гүлбақыт Қасенова | Әд 2 sagt
Кезекті қазақстандық Go 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Аты аңызға айналған бок 3 sagt
АҚШ-та компьютердегі ақ 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Даниал Ахметов көпбалал 4 sagt
Гонконгте мұғалімдер ше 4 sagt
Ыстамбұлда нөсер салдар 4 sagt
Түркістан облысында АӘК 4 sagt
Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ 4 sagt
Теннистен Азияның коман 5 sagt
Қарқаралының ұлттық пар 5 sagt
Көліктегі көп ойлар 5 sagt
Қазақстан «Танк биатлон 5 sagt
Мемлекеттік кеңестің ақ 5 sagt
Қарқаралы ұлттық паркін 6 sagt
Түлкібас ауданында жаңа 6 sagt
Атырау облысында бетон 6 sagt
Исламдық қаржыланды 6 sagt
Индонезияда кеме өртені 6 sagt
Еліміз шеберлері қазан 6 sagt
Ресейде ғимаратқа соғыл 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt