Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-081646502769 %31 %

Студент отрядтарына сұраныс бар ма? | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 20:00 - 2019/08/11


Студент отрядтарына сұраныс бар ма? | DalaNews

Студент отрядтарына сұраныс бар ма?

«Еуразия әлемі» пікір-сайыс клубының кезекті отырысы «Еңбек жазы: жастардың жұмылуы. Студентік отрядтардың құрылғанына 60 жыл» тақырыбына арналды.

Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша Кеңес үкіметі кезіндегі студент отрядтары 15 млн-ға тарта жастың басын қосқан.

«Жастар ауылшаруашылығы, құрылыс саласына атсалысты. Халыққа көмек қолын созды. Биылғы жыл елімізде «Жастар жылы» болып бекітілді. Елбасымыз студенттік отрядтардың киелі Түркістанды көркейтуге де үлес қосарына сенім білдіріп отыр. Меніңше студент отрядтары туралы идеяны қайта қолға алу қажет» деді ол.

«Жастар KZ» қорының жетекшісі Бақыт Жаңабаевтың пікірінше елімізде осыдан біршама уақыт бұрын «Жасыл ел» жастар отряды құрылған. Алайда жүйелі дами алмады.

«Студенттік отрядтарды құру жастарды қоғамдық-саяси өмірге араластырудың бір тетігі. Оны өткенмен байланыстырмай жаңа Қазақстанның келбеті негізінде, өзімізше құруымыз керек», – деді ол.

Өз кезегінде ғалым Юрий Бұлықтаев: «Қазақстанда дәл сондай отрядтар құрылар болса, жұмылып, асарлатуды қажет ететін салаларға қарай бағыттау қажет» деген пікір айтты.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Гүлмира Илеуованың пікірінше бәз-баяғыдай студенттік отрядтарды «тірілту» мүмкін емес.

«Сәбет үкіметіндегі экономиканың құрылымы бөлек еді. Қазіргі жастарға мотивация қажет. Олардың талпынысын тұрақты жалақы төлеп оята аламыз. Бұдан бөлек оларға өмірлік тәжірибе керек.

Меніңше мұндай бастамаға сонымен бірге ірі кәсіпорындар, корпорациялар қызығушылық танытуы керек. Бәлкім, студенттік отрядтардың арасынан олардың талап-үдесінен шығатын таланттар табылып қалар», – деген пікір білдірді ол.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1033159
Пікірлер

Көрші сілтемелер