Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-13756201740 %60 %

Тоқаевтың өкімі: Арыстағы апатқа жол бергендердің аты-жөні белгілі болды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 19:15 - 2019/08/07


Тоқаевтың өкімі: Арыстағы апатқа жол бергендердің аты-жөні белгілі болды | DalaNews

Тоқаевтың өкімі: Арыстағы апатқа жол бергендердің аты-жөні белгілі болды

Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың сақталуына салдыр-салақ қараған шенділер жазаланды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз-хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

“Мемлекет басшысының Өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысындағы, Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері, соның салдарынан Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүйесінен шығарылды.

2. Келесі лауазымды қызметкерлерге:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып қызмет атқарған Мұрат Жәлелұлы Майкеевке;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Жеңісұлы Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды”, – делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1031730
Пікірлер

Көрші сілтемелер