Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22456171451 %49 %

Сәуле Нұрғожина: «Жеке басының мәселелерін әкімдікті бопсалап шешкісі келетіндер бар» | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 11:45 - 2019/08/07


Сәуле Нұрғожина: «Жеке басының мәселелерін әкімдікті бопсалап шешкісі келетіндер бар» | DalaNews

Сәуле Нұрғожина: «Жеке басының мәселелерін әкімдікті бопсалап шешкісі келетіндер бар»

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қандай көмек көрсетілуде, көп балалы аналар неге әкімдік келе береді? Шын мәнінде олар көтеріп отырған сұрақтардың жауабы кімде?  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сауле Нұрғожинадан сұрап білген едік.

 

– Атаулы әлеуметтік көмек бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Елорда бойынша қанша отбасы әлеуметтік көмек алып отыр?

– Елорда бойынша сәуір айынан бері жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 5 500 отбасыға берілуде. Ол 5 500 отбасыда 33 000 мың адам. Соның ішіндегі 3 114 отбасы көпбалалылар санатына жатады. Ол көпбалалы отбасылардағы адам саны – 20 мыңға жуық. 8 наурызда 14 473 көпбалалы анаға бір реттік ақшалай жәрдемақы берілді. Олардың отбасылары қалалық қоғамдық көліктерде тегін қатынайды. Бұл да отбасы үшін үлкен көмек деп ойлаймын.

– Әлеуметтік жәрдемақылар төлене бастаса да қалада әкімдіктің ғимаратына әйел адамдардың жиі баратынын байқаймыз. Бұл кісілердің талабы қандай, неге көңілі толмайды?

– Біріншіден, әкімдікке келіп жүрген әйел азаматтардың ішіндегі негізгі ұйымдастырушылар қала әкімінің, орынбасарларының қабылдауында бірнеше рет болды. Біздің басқармаға да келіп тұрады. Қала әкімдігінің ғимаратынан арнайы азаматтарды қабылдау кабинеті ашылды.

Оларға құқықтық консультациялар беріліп, мемлекеттен көмек алудың барлығы да түсіндірілді. Көмекке шын мұқтаж азаматтар да жоқ емес. Оларға заң аясында тиісті көмектер көрсетілді. Азық-түлік алуға, балаларын киіндіруге, балабақшаға төлей алмағандарға жәрдем берілді.

Сонымен қатар, қабылдауға келген азаматтардың арасында атаулы әлеуметтік көмек бойынша ақпараттар жеткіліксіз деп өтініш айтқандар да болды.

Біз жақында жәрдемақыны қалай алу керектігін қалалық екі газет «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттеріне жарияладық. Ол жерде қадам-қадаммен инфографикалар арқылы түсіндірілді. Біз тізімде тұрған әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған, көпбалалы отбасылардың барлығына сол газеттерді тегін тараттық. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда барлық ақпараттар орналастырылған.

Екіншіден, жыл басында әлеуметтік жәрдемақылар бойынша бірнеше талап қойылды. Көмекке шын мұқтаж азаматтар атаулы әлеуметтік көмектің арқасында тұрмыстық жағдайларының түзелгенін айтуда. Мемлекетке рахмет айтып жатқандар өте көп. Шындығын айтар болсақ, қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ болып отырған жайы бар. Шын мәнінде халықтың тұрмысына оң ықпалын тигізген көмек болды деп айтуға болады.

Үшіншіден, Сіз айтып отырған әйел азаматтардың ішінде негізсіз талап қойып, әкімдік қызметкерлерін заңсыз жолмен жеке бастарының мәселелерін шешуге итермелейтіндер бар. Нақты айтқанда 14-15 әйел азамат бар. Олар 15-20 млн. теңге несиесін жауып беруін талап етеді. Заңсыз жолмен баспана алып беруді талап етуде.

Өзіңіз білесіз, қалада 40 мыңнан аса адам баспана кезегінде тұрғаны жиі айтылады. Әкімдікке келіп айғайлағанның бәріне пәтер беріле берсе, әділет қайда қалады? Біз құқықтық мемлекет емеспіз бе?! Заң бәріне ортақ. Осыларды айтып, мән-жайды қанша түсіндірсек те «Егер шешпесеңдер, біздің чаттарымызда әйелдер көп. Қажет болса 200-300 әйелді көшеге шығарамыз» дейді сол топтардың әкімшілері. Яғни, жеке басының мәселелерін әкімдікті қорқытып-үркіту арқылы шешкісі келеді. Бұл – қылмыс, заңға қайшы деп білемін.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1031520
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар