Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-13756201740 %60 %

Өзбекстан Орта Азия одағын құруға құлықты. Өзгелері ше? | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 10:15 - 2019/07/30


Өзбекстан Орта Азия одағын құруға құлықты. Өзгелері ше? | DalaNews

Өзбекстан Орта Азия одағын құруға құлықты. Өзгелері ше?

Орта Азияны біріктіретін құндылықтар бар ма? Дін ислам, түркі тілі, түркі тарихы мұның бәрі аймақ елдерінің тұтасуына қаншалықты ықпал етеді?

Dalanews.kz тарихшы Гүлнәр Дадабаевамен пікірлесіп, осы сауалға жауап іздеді.

«Иә, тарихымыз ортақ. Діліміз де, дәстүр-салтымыз да ортақ. Тіліміздің түбі бір. Бауырмыз. Жақынбыз. «Аймақты Орта Азия деп атау теріс, Түркістан деп атауымыз қажет» дейтін кейбір сарапшылардың сөзінде қисын бар. Бірақ, мұның бәрі аймақ елдерінің бірігуіне жол аша ма?

Меніңше бүгінгі таңда ел мен елді жақындастыратын байланыстың ең озық жолы ол – экономикалық әріптестік. Орта Азия елдерінің аймақтық интеграцияға түсуіне ортақ тарих, ортақ дәстүр жеткілікті дәрежеде дәнекер бола алмайды. Экономикасыз ешбір одақтың болашағы жоқ.

Орта Азия елдерінің КСРО-дан бөлінгеніне 30 жылға жуықтады, осы күнге дейін ортақ транспорттық стратегия әзірлеген жоқпыз. Аймақтағы интеграциялық жобаларды жүзеге асыру үшін транспорттық стратегияның әзірленгені аса маңызды», – дейді ол.

Оның айтуынша аймақ елдері арасындағы тауар айналымы әлі де төмен.

«Алыс-берісті арттырсақ деген қызығушылық бар ма? Айталық, Өзбекстан өз өнімдерін аймақ елдеріне өткізуге ниетті, оның экономикасы Қазақстанға қарағанда әртекті, әртарапты екені жасырын емес. Алайда өзбектің «өз өнімімді өткізсем» деген ниетін аймақтағы өзге елдер қабылдай қоя ма? Әрбірден соң бұған Ресей мен Қытай қалай қарайды?

Мәселен, Қазақстанның аймақ елдерімен арадағы тауар айналымын алайық. Орта Азия елдерімен арадағы алыс-берістің көлемі аз, экономикада айтарлықтай рөл ойнамайды. Тек Қырғызстан мен Қазақстанның арасындағы сауда байланыста белсенділік бар. Соңғы он жылда екі елдің тауар айналымы 1,6 млрд-тан 3,1 млрд долларға дейін өсіпті.

Біздің алыс-жақын шет мемлекеттермен сауда байланысымыздың тетігі мүлде бөлек. Қазақстан экспортының негізгі бөлігі Италия, Қытай, Голландия және Ресейге тиесілі. Дәл сол Ресей, Франция, Германия, Қытайдың импорты біздің нарықты «отарлап» алған, ішкі сауда-саттық ауқымынан да асып түседі.

Аймақтық интеграцияны арманнан ақиқатқа айналдыру үшін біз аймақтағы Өзбекстанның рөлін мойындап, осы жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік беруіміз керек. Билікке Мирзияев келгелі Өзбекстан ортақ одақ құруға қатысты ойын өзгертті. Алайда бұл идеяны аймақтағы өзге елдер қалай қабылдайды?

Үшінші мәселе аймаққа келетін инвестиция. Батыс, АҚШ, Қытай негізінен мұнай-газ кешенін «иемденіп» алғаны өтірік емес, дайын өнімнің көпшілігі аймаққа негізінен Қытай мен Ресейден келеді. Ендеше мұндай аймаққа инвестиция құйып, шикізатттық емес өндіріс орнын ашуға кім қызығушылық танытпақ?

Жалпы Орта Азияда аймақ нарығына бағытталған өндіріс орындары бар ма? Өкінішке орай, ортақ нарық құруда кездесетін кедергілер өте көп.

Иә, соңғы кездері жылымық бар. Кәрімов кеткелі бері Өзбекстан өзгеріп сала берді, аймақта әріптестік орнатуға деген ынта-ықылас пайда болды.

Дегенмен, аймақ басшылары ортақ нарық құруға қаншалықты әзір? Аймақ басшылары осы сұрақтың жігін ашып, таразыға тартуы тиіс. Ортақ экономикалық стратегия әзірленсе, аймақ экономикасын дамытудың тың жолы табылады. Себебі, жеке-дара алғанда аймақ елдерінің нарығы тым шағын.

Аймақ басшылары ойласа келе ортақ транспорттық жобалар әзірлеуі қажет. Орта Азияны әр тұстан байланыстыратын жол тораптары көбейсе бұл аймақтың экономикалық дамуына түрткі болмақ. Айталық, Қазақстанға айдаладағы Польшаның алмасын, Пәкістанның мандаринін тасығанша,  көкөніс, жеміс-жидекті тап іргесіндегі Өзбекстаннан алдырған тиімді емес пе?

Сауда-экономикалық байланыстар орнау үшін осы күнге дейін Орта Азияның әріптесуіне кедергі келтіріп келген ондаған, жүздеген барьердің көзін жою керек.

Барьерлер жойылса ішкіаймақтық туризм де көркейер еді, аймақ елдерінің азаматтары ел аралап, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр біріктіретін бауырларының тыныс-тіршілігімен танысар еді», – дейді Гүлнәр Дадабаева.

 

Дайындаған, Ләйлә Болтаева

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1028520
Пікірлер

Көрші сілтемелер