Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23535344954 %46 %
2019-08-2413973657 %43 %

Қазақстан мен Өзбекстан әріптестігінің болашағы бар ма? | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 09:30 - 2019/07/30


Қазақстан мен Өзбекстан әріптестігінің болашағы бар ма? | DalaNews

Қазақстан мен Өзбекстан әріптестігінің болашағы бар ма?

 Кәрімов кеткелі Өзбекстан Қазақстанға ғана емес, жалпы жалпақ әлемге құшағын айқара ашып, бір кездегі жабық, тұйық жүйенің тоңын жібітуде.

«Сәуірде Ташкентке сапарлаған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «өзбекті өз ағам» деп арқасынан қақты. Мирзияев та Тоқаевты жақын тартып, «қазақтан жолдасың болса, жолда қалмайсың» деген  тәмсілді тілге тиек етті. Аймақтағы көшбастар екі мемлекеттің арасынан қыл өтпес тату болса, талай-талай экономикалық жобаларды бірлесе құрып, игілігін көруге болады. Тоқаев пен Мирзияев іргесін қалауға уағдаласқан қазақ-өзбек шекарасындағы «Орталық Азия» орталығы бірлескен жобалардың бастамасы ғана деп ойлаймын», – дейді Dalanews.kz-ке пікір білдірген өзбек тарихшысы Мирзохид Рахимов.

Оның айтуынша Тоқаевтың президенттік қызметке тағайындалғасын Орта Азиядағы алғашқы сапарын Ташкенттен бастауы –  Қазақстанның Өзбекстанды экономикалық қана емес, сонымен бірге саяси серіктес көретінінің белгісі.

«Әзір Орта Азия одағы туралы ауыз толтырып айтатын сарапшылар көп. Алайда бұл одақ өздігінен құрыла салмайды. Орта Азияның одақтасуын қаласақ, осы мақсатта алдымыздан кесе-көлденең шығар көптеген қиындықтармен күресуге тура келеді. Тәуелсіздік тұсында өмірге келген ұрпақ Орта Азияның тонның ішкі бауындай үйлесіп, ұйымдасқанын қалайды.

Өзбекстан мен Қазақстанның шекарасы 2 200 шақырымға созылып жатыр. Осы күнге дейін екі елдің арасында түрлі саладағы әріптестікті сабақтастыратын 170-тен аса құжатқа қол қойылыпты. Оның ішінде 1998 жылғы Мәңгілік достық шарты және 2013 жылғы Стратегиялық әріптестік жайлы құжаттың орны алабөтен», – дейді ол.

Дегенмен, оның пікірінше әзіргі әріптестікті жаңа деңгейге көтеруде тек қана алыс-беріс, барыс-келісті медет тұту аздық етеді. Сауда байланыстары бір бөлек, сонымен бірге рухани-мәдени әріптестікті де жандандырған жөн.

«Тәуелсіздік тұсында дүние есігін ашқан ұрпақ түбі бір – өзбек, қазақ туралы не біледі? Өкінішке орай, өзбек жастарының қазақ туралы, Қазақстан жайлы алған ақпараты тым аз. Тиісінше, қазақ жастары да Өзбекстанның жүріп өткен жолымен мүлде таныс болмауы мүмкін.

Тіліміз ортақ, тарихымыз ортақ, дініміз де, діліміз де ортақ дейміз. Бірақ осы ортақтықтың арнасы ортайып бара жатқан жоқ па? Бұл бізге ғана емес, аймақтағы өзге елдерге де қатысты. Орта Азия түбінде бір жұдырыққа жұмылғысы келсе, қазіргі ұрпақты бір-бірінен бөтенсітпей тәрбиелегеніміз жөн. Рухани әріптестік орнағанда ғана өзге байланыстардың жігі ажырамайды», – дейді өзбек сарапшысы.

Саясаттанушы Леся Қаратаеваның пікірінше екі елдің арасындағы әріптестіктің кібіртіктеп қалуына марқұм Кәрімовтың ықпал-әсері болды.

«Кәрімов Өзбекстаннан өзгелерден іргесін салып, әлемнен саяқ, томаға-тұйық өмір кешкенін жөн көрді. Халықаралық несие және капитал нарығындағы операциялар үшін де бұл елдің қақпасы үнемі жабық болды. 1990 жылдан бастап 2000-шы жылдардың ортасына дейінгі кезеңде Қазақстан мен Өзбекстанның түрлі саладағы байланыстары салқын өрбіді. 2008 жылы Назарбаев пен Кәрімов екі алдың арасында еркін сауда аймағын құрғаннан кейін ғана ат-құйрығын үзіле жаздаған әріптестікке «жан» бітті. Оған дейінгі 15 жылды жоғалтып алдық.

Былайша айтқанда екі елдің арасындағы сауда-саттық байланыстар бертінде ғана бір ізге түсті. Осы он жылда қазақ-өзбектің алыс-берісі көбеймесе азайған жоқ. 2018 жылы екі елдің тауар айналымы 3 млрд доллардан асып жығылды. Ташкентке сапарлаған Тоқаев бұл көрсеткішті 5 млрд долларға дейін жеткізуге тиіс екенімізді айтты.

Қазір Өзбекстанда қазақ кәсіпкерлері құрған 230-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстанда 150-ге тарта қазақ-өзбек бірлескен кәсіпорны бар», – дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша қазақ-өзбек байланысын баянды ету үшін екі ел басшылары ендігі жерде шекаралық, аймақтараралық ынтымақтастықты дамытуы қажет.

«Шекаралық аймақтар ықпалдасса арада барыс-келіс жиілеп, екі елдің азаматтары бірлесіп жасайтын шаруа түрі көбейеді. Шекаралық әріптестік туралы айтқанда тек Ресейді ғана сөз етпеуіміз қажет. Дәл осындай байланыс Қазақстан мен Өзбекстанның арасында орнаса бұл – қос ел азаматтарының барыс-келісінің арнасын кеңінен ашпақ», – дейді Леся Қаратаева.

Тоқаев не деп еді?

Бізді тіліміздің бірлігі, дініміз, ортақ тарихымыз бен біртұтас тағдырымыз біріктіреді. Халықтарымыз – Орталық Азиядағы ежелгі әрі ұлы өркениеттің мұрагері. Біз дәстүрімізді, бабаларымыздың құндылықтары мен мәдени-тарихи мұраларын сақтап қалдық. Сонымен қатар, көптеген қиын сынақтарды бастан өткердік. Бүгінде Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарында шешілмеген ешқандай мәселе жоқ.

Мирзияев ше?

Қазақстан ең жақын көршіміз ғана емес, саяси сенімді серіктесіміз. Бұған дәлел өткен жылы сауда айналымы 30 пайызға артып, 3 млрд долларға жетті. Бұл межемен тоқтап қалмайтынымыз анық. Өзбекстан мен Қазақстанның тату болуы екі ел қарым-қатынасы үшін ғана емес, тұтас Орталық Азияда өзара түсіністік және сенім атмосферасын қалыптастыруда маңызы зор.

 

Дайындаған, Ләйлә БОЛТАЕВА

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1028508
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар